"Қазақстан" шахтасында апатты алдын алуға арналған құрылғы орнатылды

667

"Қазақстан" шахтасында  апатты алдын алуға арналған құрылғы орнатылды

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасына магниттік станциялар алу үшін 130 миллион теңгеден астам қаржы жұмсады. Магнит станциялары өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді, ерте диагностикалау есебінен апаттың алды алуға болады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Орнатылатын жаңа магнитті станциялар жерасты жабдықтарының жұмысын әлемнің кез келген нүктесінен қадағалауға мүмкіндік береді. 
Құрылғыны Hansen Bergbautechnik GmbH неміс компаниясы жасап шығарған. Құрылғыны қолдануды 5 күн бойы өндіруші компанияның үш өкілі теориялық және практикалық түрде оқытатын болады. Бүгін, 27 қазанда HR-dG3 шағын станциясы жабдықтарды шахтаға түсіріліп, оны орнатуды бастайды. 
"Біз жер астына қазіргі заманғы жоғары технологиялық жабдықтарды түсіреміз, ол шахтада жүрген қызметкерлердің қауіпсіздігін арттырады, - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің бас энергетигі Юрий Барковский.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу