"KAZAKH INVEST"-ке жүз күн толды

874

"KAZAKH INVEST"-ке  жүз күн толды

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінің құрамына кіретін, шетелдік инвесторларды тарту бойынша жұмыс істейтін "KAZAKH INVEST" ұлттық операторының ағымдағы аптаның бастапқы күндері жұмыс бастағандарына алғашқы жүз күн өтті, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сол себептен, компания басшылығы алғашқы 100 күн бойынша атқарылған жұмыстар туралы Астана қаласында баспасөз брифингін өткізді. "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мақсат Қабашев атап өтті.

"KAZAKH INVEST" компаниясының алғашқы 100 күн жұмысы барысында біз талдау өткізіп, елдегі инвестициялық ахуалды нақтылап, "бір терезе" қағидаты бойынша компания функционалын ескере отырып, инвесторлармен жұмыс істейтін нақты басым елдер тізімін анықтадық.
Сондай-ақ, біз компанияның кейбір ішкі процестерін түзеттік. Біз алдымызға қойылған міндеттеріміздің маңыздылығын ескере отырып, инвесторларды жан-жақты қолдау жұмысында жоғары халықаралық сапа стандарттарын ұстанамыз", - деді Мақсат Қабашев.

100 күн жұмыс ішінде шетелдік инвесторлармен бизнес-жобаларды ашу бойынша 90 кездесулер өткізілді. Кездесулер Қазақстан экономикасының басым секторларында инвестицияларды құюға қатысты өткізілді: машина жасау, фармацевтика, химия және мұнай-химия, агроөнеркәсіп секторы, металлургия, өңдеу өнеркәсібі.
Шетелдік компаниялармен 22 ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. "KAZAKH INVEST" компаниясының шетелдік өкілдері есепті кезеңде әлеуетті инвесторлармен 160-тан астам кездесулер мен келіссөздер өткізді. Олардың ішінде: АҚШ, Қытай, Түркия, Канада, Бразилия, Мексика, соның ішінде 33 ТҰК (трансұлттық компания) басшылығымен. Қазақстанға американдық, түрік және қытай ТҰК өкілдерінің сапарлары ұйымдастырылды. Олардың нәтижесі болып меморандумдарға қол қойылып, инвестициялау туралы шешімдер қабылдау болып табылады.
Көрсетілген жобалар бойынша инвестициялардың жоспарланған көлемі шамамен 36 млн. АҚШ долл., болашақта 300-ге жуық жұмыс орны ашылады. 2017 жылдың соңына дейін және 2018 жылға құны 7,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын 16 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланды. 7 жоба, 3 инвестициялық келісім-шарттар (МЖС/АЭА) қорытындысы техникалық-экономикалық негіздемесін бекіту жоспарланған, 11 жоба бойынша 7 салада құрылыс жұмыстары басталады: химия өнеркәсібі, машина жасау, мұнай-химия, металлургия, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, энергетика.
Сондай-ақ, 2017 жылдың соңына дейін 6 реинвестициалық жобалардың іске қосылуы жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу