Елордада өткен қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" анықталды. Финалдық бәсекеде Ұлан Рысқұл мен Еламан Ерғалиевпен бас жүлдені сарапқа салды. Айқын басымдықпен Еламан алға шығып, күміс жүлде Ұланға бұйырды деп хабарлайды abctv.kz.
Ал Нұғымаров пен Арман Қалиев үшінші орын үшін сынға түсіп, шығысқазақстандық Айбек қарсыласын жеңді.
Жарыстың жүлде қоры - 50 миллион теңге.
Балуандар әр белдесудегі жеңіс үшін - 100 000 теңге көлемінде сыйақы алып отырды, жарыс соңында бас жүлдені жеңіп алған Еламан 25 миллион теңгені қалтасына басты, ал бапкері 3,5 миллион теңге сыйақы алды. Екінші орын алған Ұлан балуан 5,5 миллион теңгемен марапатталса, бапкері 1,8 миллион теңгеге ие болды. Үздік үштікті түйіндеген Айбек балуанның қалтасы 1,8 миллион теңгеге толықты, бапкері 900 мың теңгені қанжығасына байлады.
Бұл турнирде балуандар ғана емес, көрермендер мен жанкүйерлер де сыйлықсыз қалған жоқ. "Қазақстан Барысының" финалдық бәсекесіне кіру билеттері бойынша "Renault Logan" маркалы автокөлігі ойнатылды.