"ҚазМұнайГаз" активтерінің бірін саудаға қойды

819

"ҚазМұнайГаз" активтерінің бірін саудаға қойды

"ҚазМұнайГаз" ҰК 2017 жылдың 17 наурызында www.gosreestr.kz электронды сауда алаңының сайты арқылы "ҚазОйлМаш" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы өзінің 100% үлесін сатуға ниетті. Бұл туралы Kapital.kz хабарлайды.

Сауда-саттық бағаны көтеру тәсілі арқылы өткізілмек, бастапқы баға – 450 мың теңге. Кепілді салым – 67 500 теңге.

"2015 жылдың 31 желтоқсанында "ҚазОйлМаш" ЖШС-ның жарғылық капиталы 200 мың теңгені құрады" – деп атап көрсетілген бағалау есебінде.

Компания Маңғыстау облысында орналасқан. Жарғы бойынша, "ҚазОйлМаш" ЖШС көлік және мұнай жабдықтарын жасау саласында қызмет көрсетумен айналысуы тиіс еді.

"ҚазОйлМаш" ЖШС құрылған уақытынан бастап (2011 жылдан – ред.) 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ешқандай қаржылық-шаруашылық жұмыс атқарған жоқ.

"ҚазОйлМаш"-тың  жалғыз қаражат түсімі  жалғыз қатысушының  кәсіпорынның жарғылық капиталына салған салымы болып табылады. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компанияның активтері, міндеттері жоқ", – делінген бағалау есебінде.

Айта кетейік, компания соңғы екі жылда шығынға ұшырады. 2015 жылы оның шығыны 14 мың теңгені құраса, 2014 жылы 133 мың теңгеге жетті.

Еске сала кетейік, "ҚазМұнайГаз" ҰК 2002 жылдың ақпан айында құрылды, ол Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттік мүддесін қорғайтын, көмірсутекті барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі Қазақстанның ұлттық операторы болып табылады. KASE-нің мәліметі бойынша, компания акциясының 90% "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорына, 10% ҚР Ұлттық банкіне тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу