"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ 2018 жылдың І тоқсанын қорытындылады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
ҚМГ БӨ "Қазгермұнай" БК" ЖШС, "Қаражанбасмұнай" АҚ және "ПетроҚазақстан Инк." үлестерін қоса алғанда, 2018 жылдың І тоқсанында 2 898 мың тонна (тәулігіне 238 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2017 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен тең.
2018 жылдың І тоқсанында "Өзенмұнайгаз" АҚ 1 350 мың тонна (тәулігіне 110 мың баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылдың І тоқсанындағы көрсеткіштен 1%-ға жоғары. Ал "Ембімұнайгаз" АҚ 695 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1%-ға көп. Нәтижесінде, ӨМГ мен ЕМГ жалпы өндіру көлемі 2 046 мың тоннаны (тәулігіне 167 мың баррель) құрады, өткен жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 1%-ға артық мұнай өндірілген.
CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының өндіруіндегі ҚМГ БӨ үлесі 2018 жылдың І тоқсанында 852 мың тоннаны (тәулігіне 71 мың баррель) құрап, 2017 жылдың І тоқсанына қарағанда 3%-ға кем түсті, бұл негізінен ПҚИ және ҚГМ-дағы мұнай өндіру деңгейінің табиғи жолмен азаюына байланысты.