"ҚазМұнайГаз" бен қытайлық Си-эй-эф-си компаниясы келісімге келе алмады. Оған себеп ұлттық компания өзінің Румыниядағы еншілес нүктесінің үлесін Қытайдың China Energy Company Limited-ке сатудан бас тартқан, деп хабарлайды Atameken TV.
Бухарест биржа қорының мәліметінше екі арадағы 51 пайыздық акцияны сату туралы келісім аяқсыз қалған.
Бірқатар басылымның жазуынша қытайлық Си-эй-эф-си қазір банкрот болудың аз-ақ алдында тұр. Әзірге келіссөздердің қашан басталатыны жайлы нақты ақпарат жоқ. Еншілес компанияның үлесі сатылмаған күннің өзінде ол жұмысын жалғастыра береді.
Еске салсақ "Қазмұнайгаз" KMG International еншілес ұйымын 2007 жылы сатып алған болатын. Компания негізінен мұнай өңдеу және оның сатумен айналысады.