"ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясына айыппұл салынды

942

 "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясына айыппұл салынды

"ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясына 944 млн теңге айыппұл салынды. Мұны табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлады.

Тергеу қорытындысы бойынша компания коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушылардан тауарлық газдың шартты көлемін кем алғаны үшін ақшалай айыппұл өндіріп алғаны анықталған. Бұл ретте айыппұлды өндірудің экономикалық, технологиялық негіздемесі болмаған. Ал бұл тұтынушыға қатысты кемсітушілік сипатта болып табылады.  Сонымен қатар, компанияға кемшіліктерді жою, қаражатты қайтару және газды кем алғаны үшін айыппұл алуды көздейтін талаптарды келісімшарттардан алып тастау жөнінде нұсқау жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу