"ҚазТрансОйл" АҚ 2017 жылғы өндірістік қызметінің қорытындысын жариялады

755

"ҚазТрансОйл" АҚ 2017 жылғы өндірістік қызметінің қорытындысын жариялады

2017 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ құбырлар жүйесі бойынша тасымалдаудың негізгі көрсеткіштері 2016 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда артты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"ҚазТрансОйл" АҚ компаниялар тобы бойынша мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау және ауыстырып құюдың шоғырландырылған көлемі 58 млн 537 мың тоннаны құрады. Ол 2016 жылға қарағанда 1 млн 961 мың тоннаға көп. Шоғырландырылған мұнай жүк айналымының көлемі 48 млрд 360 млн тонна км-ді құрады, ол 2016 жылғы көрсеткіштен 5 млрд 230 млн тонна-км-ге көп.
Өткен жылдың қортындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке мұнай тасымалдау мен ауыстырып құю көлемі 46 млн 293 мың тоннаға жетті, ол 2016 жылғы көлемнен 2 млн 496 мың тоннаға артық.
Өткен жылы "ҚазТрансОйл" АҚ жүйесі бойынша жеке мұнай жүк айналымы 39 млрд 823 млн тонна километрді құрады, ол 2016 жылғы деңгейден 4 млрд 188 млн тонна-километрге көп.
"ҚазТрансОйл" АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасы мұнай өңдеу зауыттарына былтыр 14 млн 766 мың тонна мұнай жеткізілді, ол 2016 жылғы деңгейден 380 мың тоннаға көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу