"Көлсай көлі" ұлттық бағында қар барысы көбейіп келеді

1364

"Көлсай көлі" ұлттық бағында қар барысы көбейіп келеді

Алматы облысындағы ұлттық табиғи бақта мекен ететін қар барысының саны көбейіп келеді деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасап sn.kz.

Мамандар қазір олардың 40-қа жеткенін айтады.

Қар басқан шыңдар мен қияларды мекендейтін барысты үнемі бақылап отыру мүмкін емес. Қызыл кітапқа енген бұл жануарды қадағалау үшін мамандар Таянь-Шань тауларының солтүстік-шығыс беткейіне 12 арнайы техникалық тұзақ құрыпты. Сол арқылы бейнетаспаға түсіріп отырады.

"Көлсай көлі" ұлттық бағы мамандарының айтуынша, қар барысының саны бүгінде 40-қа жеткен. Оны жануарларды қорғаумен айналысатын халықаралық қорлар да растайды. Дегенмен, ұлттық бақтың басшылары оларды сақтап қалу мәселесіне алаңдап отыр. Өйткені таудағы өзен сулары жылдан жылға тартылып барады екен. Егер бөгет орнатпаса жануарлармен қоса сол маңдағы ауылдарға да қауіп төнеді.

"Тоспа қоймаса жер астындағы сулар сіңіп, жер астына жоғалып бара жатыр. Аңдар ғана үшін емес адамдар үшін де қауіпті. Төменгі жағындағы жолдарды алып кетуі, ауылдарды алып кетуі мүмкін", –  "Көлсай көлі" ұлттық бағының директоры Әміржан Малыбеков.

Көлсай көлдерінің тартылуы үлкен апатқа әкелетінін айтып мамандар түрлі құзырлы мекемелерге арызданған. Жағдаймен танысуға депутаттар тобы да келіпті. Бірақ әзірге қандай да бір шешім шығармаған көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу