"Қорғас" арқылы күніне 5 мың адам Қытай шекарасына сауда жасауға өтеді

852

"Қорғас" арқылы күніне 5 мың адам Қытай шекарасына сауда жасауға өтеді

"Қорғас" шығыс қақпасы еркін экономикалық аймағы елбасы жарлығымен 2011 жылы қараша айында құрылған. Қазір мұндағы "Құрғақ портта" логистикалық, индустриялдық, резервтік аймақтар бар. 129,8 гектар жерді алып жатыр. Қорғастағы шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығындағы 91 нысанның 77-сінде жұмыстар аяқталып, 56 нысаны пайдалануға берілді. Қазір "Қорғас" арқылы күніне 5 мың адам Қытайға өтіп, сауда жасауда, деп хабарлайды khabar.kz.

Алматы облысына сапары кезінде премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев Панфилов ауданында осы орталықтың жұмысымен танысты. Алтынкөл теміржол бекетінің инфрақұрылымдарын көрді. 2017 жылы осы станция арқылы 1,5 миллион тонна жүк өткен. Вице-премьер мұнда мамандармен кездесіп, ой-пікірлерін тыңдады.

"Біз әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуға ниет білдіріп отырған мемлекетпіз, сондықтан бұл жердегі қызметтің барлығы жоғары сапалы әрі халықаралық талаптарға сай болу керек", – деді ол.

Шекаралық аймақтағы құрылымдарды осыған міндеттеп, нақты тапсырмалар берді. Соның бірі автобус тасымалына қатысты мәселе.

"Автобустар бойынша бұл – бұрыннан келе жатқан мәселе. Орталықтан өтетін халық жүкті шамадан тыс асырып жібереді. Бұл өзге туристерге қолайсыздық туғызады. Біз мемлекеттік кірістер комитетімен ақылдаса отырып, бұл мәселені көктемге дейін шешуге тырысамыз", – деді "Қорғас" ШЫХО" АҚ президенті Қаһарман Жазин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу