ҚР ІІМ Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізуде, деп хабарлайды, Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бұл операция көшелер мен қоғамдық орындарда құқық тәртібін сақтауға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Іс-шараға 18 мыңнан астам полиция қызметкері қатысты. Алғашқы екі күнде 945 қылмыс тіркеліп, кезекшілік тәулікте 533 қылмыстық әрекет ашылды. Сонымен қатар, бұрын жасалған 168 қылмыс, оның ішінде 3 – кісі өлтіру, 3 – қарақшылық шабуыл және 13 тонау фактісі ашылды. Іздестіруде жүрген 48 қылмыскер ұсталды, оның ішінде 10 қылмыскерге өткен жылы іздеу жарияланған", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ полицейлер тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 77 адамды ұстады, оның ішінде 37-сі – есірткі сақтағаны үшін (шамамен 3,8 кг), 25-і – атыс қаруын және 13-і суық қаруды алып жүргендігі белгілі болды.
14,3 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 1109 – ұсақ бұзақылық, 2118 – спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру, 182 – автокөлікті мас күйінде басқару, 1427 – жылдамдықты арттыру, 25 – қарсы қозғалыс жолағына шығу және 648 елде болу ережелерін бұзу фактілері анықталды.
229 адамды қабылдау-тарату орындарына, оның ішінде 124 шетелдік, ал уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына 668 адам жеткізілді.