"Маңғыстау" зымыран-артиллериялық кемесі суға түсірілді

753

"Маңғыстау" зымыран-артиллериялық кемесі суға түсірілді

Орал қаласында "Зенит" Орал зауыты" АҚ жасаған "Маңғыстау" зымыран-артиллериялық кемесін суға түсірілді, деп хабарлайды Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

"Осы оқиға бұған дейін де зауыт дайындаған катерлер мен кемелерді суға түсіру сияқты Каспийдегі әскери теңіз бөлімдерін отанымызда жасалатын қазіргі заманғы техникалық құралдармен жарақтандыру мақсатына қол жеткізудегі кезекті қадам", - дейді министр Бейбіт Атамқұлов.

"Маңғыстау" – зауыттың 26-кемесі және ол Әскери-теңіз күштерінің тапсырысымен арнайы жасалды. Әскери кеме – осыған ұқсас жобалардан бұрын Әскери-теңіз күштеріне жеткізілген төртінші кеме екенін айтып өткен жөн.

Алдыңғы кемелерден ерекшелігі бұл кемеде қорғаныс министрлігінің тапсырысымен қару-жарақ жаңғыртылған, сондықтан ол шешетін міндеттемелердің аясы кеңейді.

"Маңғыстау" зымыран-артиллериялық кемесінің техникалық сипаттамалары қарсыластың жауынгерлік суүсті кемесін, катерін және көлігін дербес және кемемен соққы беру күштерімен өзара іс-қимылда жоюды қамтамасыз етеді. Кеме бұл үшін қажетті жылдамдығы, басқаруы, жүзу алшақтығы, дербестігі, экипаждың мекендеу шарттары сияқты теңізде жүзу сапасына ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу