"Назар Трейлер" зауыты тіркеме техниканың бірнеше түрін шығаратын болады

968

"Назар Трейлер" зауыты тіркеме техниканың бірнеше түрін шығаратын болады

Ақтөбеде индустриалды-инновация бағдарламасы аясында тағы да бір жаңа өндіріс іске қосылды. Өңірдегі "Назар Трейлер" зауыты тіркеме техниканың бірнеше түрін шығаратын болады. Қосымша өндірістік желілерді қолға алған мекеме бүгінде цемент қоспасын, жанар-жағармай таситын техника, цистерналар мен тралдар өндірісін ұсынып отыр. Мамандардың айтуынша, бұған дейін отандық кәсіпкерлер тіркеме техниканы Қытайдан алдыртқан немесе қолдан ескісін сатып алған. Ал отандық зауыттың өнімі болса, еуро стандартқа сай, сапасы жоғары. Сондай-ақ, өнім техникалық сынақтан сәтті өткен. Жақында ашылған зауыттың өніміне Қазақстан облыстарынан және Ресей тарапынан сұраныс жоғары.

 

Зауытты ашуға "Даму-Өндіріс" бағдарламасы бойынша төменгі мөлшерлемемен несие бөлінген, сондықтан өнімнің бағасы да қолжетімді. Бұл - өндірістің кірісін едәуір арттырып, қазақстандық нарықты отандық өніммен толықтай қамтуға мүмкіндік береді.

Алмаз Мұңлықов, Ақтөбе облыстық Индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

"Жобаның жалпы құны 600 млн теңге. Жобаны пайдалуға беру кезінде 120 жұмыс орны құрылатын болады. Өткізу нарығы – бұл Ресей және ішкі нарыққа көзделген. Негізгі тауар түрлері – тіркемелі техника, цементовоз, цистерналар және бензовоздар".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу