"Нұрлы жер" бағдарламасының жұмыс істеу механизмін өзгерту қажет. Бүгін үкімет отырысында осылай деген премьер-министр Инвестиция және даму министрлігіне 1 қазанға дейін нақты ұсыныспен шығуды тапсырды. Себебі, мемлекеттік бағдарламаға бөлінген қаржының жыл басынан бері тек 40 пайызы ғана игерілген.
"Бұл дегеніміз бағдарламалар әкімшілері қаржының басым бөлігін екінші жартыжылдықта игеру тәжірибесін әлі жалғастырып отырғанын білдіреді. Сондықтан жауапты органдар мен әкімдіктер осы мәселені тұрақты қадағалауда ұстауы тиіс" – деді премьер-министр.
Сонымен қатар үкімет басшысы қаражаттың әрбір өңірдің мүмкіндіктеріне сай бөлінбей отырғанын, сондай-ақ, бағдарлама жайлы халықты ақпараттандыру ісінің ақсап тұрғынын сынға алды.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:
"Инвестиция және даму, министрлігі ақпарат министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік бағдарламаның механизмдерін насихаттау бойынша медиажоспар бекітсін. Ал, Ұлттық экономика министрлігі ай сайынғы негізде нысандардың уақытылы пайдалануға берілуі үдерісіне мониторинг жүргізіп, үкіметке мәліметтерді енгізуі тиіс. Білім және ғылым министрі қыркүйектің басында мектептердің құрылысы бойынша қарастыратын боламыз. Атап айтқанда, 1 қыркүйекке дейін қосымша 48 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр"