Астана қаласындағы "Нұрлы жол" вокзалы 2,4 миллион жолаушыға қызмет көрсетті, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.
Астана қаласындағы "Нұрлы жол" жаңа вокзалы 2017 жылдың 30 мамырында іске қосылған болатын. Жарты жыл ішінде вокзал арқылы 2,4 миллион адам тасымалданған.
Жаңа вокзалдың тәулігіне 35 мың жолаушыны өткізуге қауқары бар. Бүгінгі күні жолаушылар легінің орташа саны – 11,5 мың адам.
Вокзал кешенінде 52 пойыз қызмет көрсетеді: "Тұлпар-Тальго" 16 жүрдек пойызы, 22 стандартты және 14 қала маңына қатынайтын электр пойызы. Вокзал арқылы тәулігіне орташа 16 жұп пойыз өтсе, демалыс күндері олардың саны 20-ға дейін жетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу