"Париж келісімін ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды

1279

"Париж келісімін ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды

Бүгін Сенаттың Аграрлық мәселелер және табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында "Париж келісімін ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды.

Париж келісімін мақсаты – климаттың өзгеруі қатеріне жаһандық шара қолдану болып табылады. Осы орайда келісімде көрсетілген шаралар жаһандық климатты индустриялық революцияға дейінгі уақыттағы климаттан 2ºС жоғары ұстап тұруға, климаттың өзгеруіне дереу бейімделу және осы салаға қаржы бөлуді көбейтуге бағытталған.  

Ал Қазақстан Үкіметі аталған келісімді ратификациялай отырып, елдегі климатты 90-жылдардағы деңгейде ұстап тұру жолында жұмыс істемек.

Қазір заң жобасы Палатаның қарауына жөнелтілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу