"Самұрық-Қазына" тағы 44 ұлттық компанияны сатылымға шығарады

677

"Самұрық-Қазына" тағы 44 ұлттық компанияны сатылымға шығарады

Елімізде тағы 44 ірі ұлттық компания сатылымға шығады. Бүгін елордада өтіп жатқан Астана экономикалық форумында "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры компаниясының төрағасы Өмірзақ Шөкеев осындай мәлімдеме жасады. Ұлттық қордың қазір корпоративтік орталығы трансформация аясында коммерциялық стратегиялық инвестициялық холдингке айналу жұмысын толық орындап отыр екен. Форумда жекешелендіру бағдарламасын ілгерлендіру атты панельдік сессия бойынша компания ұйымдастыру жұмысын жүргізіп, шетелдік қонақтарға Қазақстанның еркін саудаға шығарылған компаниялыр туралы толық ақпарат беріп жатты. Жалпы елімізде 2020 жылға дейін 500-ге тарта компанияны бәсекелес ортаға беруге шешім қабылданған еді. Соның басым бөлігі Самұрық-Қазына үлесіндегі ұлттық компаниялар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу