"Семей таңы" латын әліпбиіне көшуді бастап кетті

1309

"Семей таңы" латын әліпбиіне көшуді бастап кетті

Шығыс Қазақстаннан шығатын "Семей таңы" газетіне латын әрпімен "SEMEJ TANGY" GAZETI UEZHIN LATYN AELIPBI ZHAT EMES" атты мақала жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Семей таңы" үшін латын графикасы жат емес. Бұл газет 1917- 1930 жылдары "Сарыарқа" деген атпен тараған. Одан кейін басылым атауы "Қазақ тілі", 1930-1935 жылдары "Жаңа ауыл", "Қызыл дала", "Социалды Шығыс" болып өзгеріп отырды. Сондықтан, газет үшін латын әрпіне көшу бұл жаңалық емес, өшкенді жаңғырту.

Мақала авторы ШҚО-ның мәслихат депутаты Риза Молдашева, латын графикасын қолданып, мақала жазуда еш қиындық туындаған жоқ дейді. 

Еске сала кетсек, Қазақстан аумағында 1929 жылға дейін араб графикасы қолданылған. Одан кейін латын әрпіне негізделген "бірыңғай түрік әліпбиі" енгізілсе, 1940 жылы "Қазақ тілінің латын әліпбиінен орыс тілінің қарпі негізіндегі әліпбиге көшу туралы" заң қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу