Қарағандылық "Шахтер" футболшылары жаттығуға келуден бас тартты. Себебі футболшылардың жалақы алмағанына үш ай болыпты, деп хабарлайды vesti.kz.
Қарағандылық клубтың футболшылары үш ай бойы жалақыларын ала алмай жүр. Ал клуб басшылығы футболшыларға жалақыны міндетті түрде төлейміз деп уәде беруде. Кері жағдайда клуб басшылары қызметтерімен қоштаспақ.
Айта кетейік, қазіргі уақытта "Шахтер" ел біріншілігінде 39 ұпаймен жетінші орын келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу