"Шапағат" коммуналдық базары сатуға қойылды

1226

"Шапағат" коммуналдық базары сатуға қойылды

"Шапағат" коммуналдық базары саудаға қойылды. Электронды тендер 11 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Astana әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы "Шапағат" коммуналдық базары" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы қоғамның 100% үлесін сату бойынша электронды тендерді өткізу туралы хабарлайды.

Шара 2018 жылдың 11 желтоқсанында Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz. веб-порталында өтеді.

Базар Астанадағы Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы, 69 мекенжайында. Сұрақтар бойынша 8 (7172) 21-51-50 нөміріне хабарласуға болады.

"Шапағат" коммуналдық базары" ЖШС Жарғы капиталындағы 100 % үлесін сату ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 30 желтоқсанындағы "Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" № 1141 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі қаулысына сәйкес, қоғамның директорлар кеңесінің 2017 жылғы 7 қарашадағы шешіміне сәйкес (№ 20 Хаттама), "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу реттемесіне сай жүргізіледі", - деп мәлімдеді "Аstana" ӘКК" АҚ баспасөз қызметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу