"Сирияның демократиялық күштері" Түркияның 300-ден аса жауынгерін өлтіргенін хабарлады.

722

"Сирияның демократиялық күштері" Түркияның 300-ден аса жауынгерін өлтіргенін хабарлады.

Ресми Анкара лаңкестік топ деп таныған "Сирияның демократиялық күштері" араб-күрд жасақтары Түркияның 300-ден астам жауынгерін мерт қылғанын хабарлады. Сондай-ақ олар өз қатарынан 43 адамның қаза тапқанын мәлімдеді деп хабарлайды 24.kz.

Дегенмен, бұл ақпарат ресми расталған жоқ. Ал керісінше Түркияның бас штабы "Зәйтүн бұтағы" операциясы басталғалы бері Афринда 343 лаңкесті жер жастандырғанын мәлімдеді, 

Бұл мәлімет бойынша үкімет әскерінің қатарынан 3 жауынгер мерт болған. Оған қоса мемлекеттік бас штаб соңғы түнде 13 әскери ұшақ лаңкестердің 23 нысанын күл-талқан еткенін хабарлаған. Олардың қатарында содырлардың бекіністері мен оқ-дәрі жасыратын қоймасы бар.

Айта кетейік, Африндегі әскери операция 20 қаңтарда басталды. Шаһарда шамамен бір жарым миллиондай күрд пен елдің өзге аймағынан көшіп келген босқындар тұрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу