"Smart Zholy" бағдарламасының үздіктері анықталды

594

"Smart Zholy" бағдарламасының үздіктері анықталды

"Smart Zholy" бағдарламасының үздік стартап жобалары анықталды, деп хабарлайды egemen.kz.

Еліміздегі инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу мақсатында "Smart Zholy" бағдарламасы қолға алынып, отандық алты стартап жобасы үздік деп танылды. Енді аталған үздік жобалар Оңтүстік Шығыс Азиядағы Echelon Asia Summit технологиялық конференциясында көпшілік назарына ұсынылмақ.
Іс-шараға Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Оңтүстік Шығыс Азиялық ірі инвесторлар мен жоба тәлімгерлері, отандық IT-компаниялардың басшылары қатысты. Жиында сөз алған министр Дәурен Абаев цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуде жастардың орны ерекше екенін атады.
Таңдалған үздік жобалардың бірі – "OKauto" бағдарламасының негізін қалаушы Әли Шайхисламның айтуынша,  аталған мобильді қосымша арқылы көлік иелері айыппұл сомасы мен себебі туралы ақпарды электронды түрде біледі әрі банк картасы арқылы онлайн төлем жасай алады. Бүгінге дейін бағдарламаны елімізде 100 мыңнан астам адам тұрақты қолданып келеді.

"Жуырда ресейлік Mail.Ru Group сарапшылары біздің жобамыздың құнын 300-500 миллион рубльге бағалады. Бұл бізді одан сайын ынталандыра түсті. "Smart Zholy" бағдарламасы арқылы жобамызды әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік алдық", - дейді Әли Шайхислам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу