Байқоңырдан "Союз МС-10" кемесін ұшыру сәтсіз аяқталды

1411

Байқоңырдан "Союз МС-10" кемесін ұшыру сәтсіз аяқталды

"Союз МС-10" кемесінің экипажы дін аман, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Бүгін экипаж құрамында "Роскосмос" ғарышкері Алексей Овчинин мен NASA  ғарышкері Ник Хейг бар "Союз МС-10" кемесін Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру кезінде, апатты жағдай орын алды. Апат ұшырылымның 119 секундында, негізгі блоктан ажырау сатысында орын алған еді.

Орталық әскери округтің МИ-8 тікұшақтары "Союз МС-10" экипажын іздестіру үшін Жезқазған, Байқоңыр және Қарағанды аэродромдарынан аттандырылған болатын. Бортта құтқарушылар мен дәрігерлер бар.

"Капсула Жезқазғаннан 20-25 шақырым қашықтыққа келіп қонған. Экипажбен байланыс бар, жарақат алмаған, медициналық көмекті қажет етпейді", - дейді ақпарат көзі.

"Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин апатты жағдайдың орын алғанын, экипаждың қонғанын растады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу