"Технодом" дүкендер желісі тегін полиэтилен пакеттерден бас тартпақ

1120

"Технодом" дүкендер желісі тегін полиэтилен пакеттерден бас тартпақ

Бүгін электр-тұрмыстық және компьютерлік техника сатумен айналысатын ұлттық сауда желісі - "Технодом" компаниясы БАҚ өкілдеріне пресс-таңғы ас өткізді. Аталған іс-шара барысында "Технодом" компаниясы полиэтилен пакеттерден бас тарту процесін бастап, арнайы эко-сөмкелер өндірумен  және оларды сатумен айналыса бастағанын хабарлады.

Бұл бастама компанияның "Табиғатты сүйеміз, Қазақстанды сүйеміз!" экологиялық жобасының корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілігі (КӘЖ) аясында өткізілуде. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап тұтынушыларға: бір рет қолданылатын полиэтилен пакетке 10 теңге төлеу немесе көп реттік қолдануға арналған арнайы эко-сөмкелерді алу таңдауы ұсынылады. Компанияның бас директоры Питер Себестьен эко-сөмкелерге көшу процесін былай түсіндіруде: "Полиэтилен пакеттер қоршаған ортамызды ластайтын басты көрсеткіштердің бірі, олар миллиондаған құстарды, балықтарды, жүз мыңдаған теңіз сүт қоректілерін өлтіреді және ұзақ жылдар бойы шірімей жата береді. Біздің мақсатымыз қоршаған ортаны қорғау ісіне өз түлесімізді қосу, сондықтан тегін полиэтилен пакеттерден бас тартып, клиенттерімізге көп реттік қолдануға арналған эко-сөмкелерді ұсынамыз. Біздің сатып алушылар құны 70 - 790 теңге тұратын түрлі эко-сөмкелерді таңдай алады".

Еске сала кетсек, "Технодом" компаниясының "Табиғатты сүйеміз, Қазақстанды сүйеміз!" экологиялық жобасы 2015 жылы құрылған.Компанияның қызметкерлері жыл сайын аталған эко-қозғалыс шеңберінде өздері тұратын қалалардың маңайындағы қоқысты жин ау мақсатында эко- жорыққа шығады. 2015 жылы компанияның 375 қызметкері - 1,5 тонна, ал 2016 жылы 441 қызметкер – 3 тонна қоқыс жинаған. 2017 жылы эко-жорықтар еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатыр.

Сонымен қатар, КӘЖ шеңберінде "Технодом" дүкендерінде электр-тұрмыстық қалдықтарды жинап, оларды қайта өңдеу үшін 126 эко-бокстар орнатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу