"Туристік Қамқор" тамыз айында демалуға ыңғайлы елдерді ұсынды

638

"Туристік Қамқор" корпоративті қоры шетелге демалуға шыққан қазақстандықтарға 500 мыңға жуық (485 мың) туркод берді.

"Туристік Қамқор" тамыз айында демалуға ыңғайлы елдерді ұсынды

Шетелдегі азаматтардың қауіпсіздігіне кепіл беру жүйесі жұмыс істей бастағалы "Туристік Қамқор" корпоративті қоры (КҚ) шетелге демалуға шыққан қазақстандықтарға 500 мыңға жуық (485 мың) туркод берді, деп хабарлайды "Туристік Қамқор" КҚ баспасөз-қызметі.

Қор ауа райын ескере отырып, қазақстандықтар үшін тамыз айында шетелде демалуға қолайлы деп Крит, Кипр, Грекия, Түркия, Болгария, Италия, Тунис, Мальта, Доминикан, Куба, Кариб, Хайнань аралы, Вьетнам, сонымен қатар Жерорта теңізінің барлық жағалауы мен Португалияны ұсынады.
"Қыркүйек пен қазан айларында Мысыр (Египет), Канар аралдары, Израиль, БАӘ, Тайланд, Доминикан, Үндістан, Шри-Ланка, Малайзия, Сейшел, Маврикия, Мальдив аралында ойдағыдай демалуға болады. Ал қараша-желтоқсан айларында Тайланд, БАӘ, Доминикан, Куба, Кариб, Үндістан, Малайзия, Хайнань аралы, Вьетнам, Сейшел, Маврикия, Мальдив аралдарында демалысыңызды өткізуді жоспарласаңыз болады", - дейді қордың баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, 2017 жылдан бастап қазақстандық саяхатшыларға шетелге тур-кодпен шығуға кеңес берілуде. Ол шетелде жүріп, күтпеген жағдайға тап болған кезде тез арада елге қайтуға көмек болады. Ең алдымен бұл алаяқ турфирмалардың кесірінен зардап шеккендерге қатысты.

Туроператорға туристік кодты қор жарна мен (бір турист үшін жарнаның көлемі 1 АЕК – 1202 тг. Ол соманы турист үшін туроператор өзі төлейді) банктік кепілдемелер (12 млн мен 36 млн теңге аралығында) төленгеннен кейін ғана береді.

Бүгінгі таңда "Туристік Қамқор" қорының құрамына 56 туроператор мүшелікке енген. Олардың тізімімен fondkamkor.kz сайтында танысуға болады. Алайда Қазақстанда шетелге шығумен айналысатын ұзын саны 140 компания қызмет етеді. Яғни қалған жетпістен астам туроператор қауіп-қатерге бас тіге отырып, жасырын түрде қызмет көрсетуде деген сөз. Ондай жағдайда шетелде демалыста жүрген отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес.

Туристік код 11-13 (шығатын елге қатысты) қаріптік-сандық символдан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Турист күтпеген жағдайға тап болған кезде қормен байланысып, өзінің туркодының нөмірін хабарлайды және шұғыл түрде 24 сағаттың ішінде көмек күтуге құқылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу