Елімізде "Виртуалды қойма" бағдарламасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz
Тұтынушылар мен мемлекеттік органдар елге әкелінетін тауарларды сату-сатып алу үдерісін онлайн түрде бақылайтын болады. Виртуалды қойма деп аталған жаңа бағдарлама бүгін Астанада өткен IOT форумында жұртқа таныстырылды. Жүйенің арқасында бірыңғай сауда алаңын ашуға болады. Оның ішінде тауардың бағасы мен барлық қажетті ақпарат жинақталады. Нәтижесінде үкімет үшін мемлекеттік сатып алуларды жүргізу біраз жеңілдейді.
Бұл бағдарлама – еліміздегі цифрландыру бағытындағы ірі қадам. Басқосуға келген тараптар саладағы жаңа механизмдерді талқыға салып, келіссөз жүргізуге мүмкіндік алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу