"Walt Disney" компаниясының тоқсандық табысы 7 пайызға өсті, деп хабарлайды Atameken TV.
Оған соңғы кезде аса танымал туындыға айналған "Кекшілдер: бітпейтін соғыс" фильмі ықпал етіпті.
Осы шығарма кейіпкерлері жүретін тақырыптық саябақтарға келушілер қатары күрт өсіп, соңғы айда компания кірісі 3 млрд долларға жуықтады. Акциялары 1,95 млрд долларға саудаланған. Ал корпорацияның жалпы табысы 14,24 –тен 15,23 млрд долларға көбейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу