"Зерде-Керамика" кәсіпорны елімізді керамогранитпен қамтамасыз етіп отыр

783

"Зерде-Керамика" кәсіпорны елімізді керамогранитпен қамтамасыз етіп отыр

Оңтүстік Қазақстан облысындағы керамограниттің өндірісімен айналысатын "Зерде-Керамика" кәсіпорны енді өнімнің санын анағұрлым арттырмақ. Яғни, өндіріс орны екінші желісін жыл соңына дейін іске қосып, өнім көлемін  2 миллионнан 4,5 млн. шаршы метрге жеткізбек. Сапалы өнім шығаратын зауыт өніме бүгінде сұраныс артып отыр. Сондай-ақ, кәсіпорын өнім түрлерін көбейтуді де жоспарлап отыр, деп хабарлайды ontustik.gov.kz.
 
Айта өтейік, бүгінге дейін Қазақстанда керамогранит өндіретін осындай кәсіпорынның баламасы жоқ. Жоба импортты алмастыру жолында жұмыс жасайды. Мұнда экспорттың үлесі 30 пайыз болса, қалған 70 пайызы еліміздің өзге облыстарына жөнелтілуде. Сондай-ақ, мұндағы шикізаттың 60% жергілікті болса, 40% шетелден тасымалданады. Адамның қолы мен күш-қуатын кәсіпорында автоматтандырылған жүйе алмастырған. Итальяндық қондырғы бар шаруаны – құрауыш шикізаттарды араластырып, дайын өнімді қаптауға дейін атқаруға қауқарлы. Ал техниканың қызметін 140 адам қадағалап отырады. 
 
Кәсіпорынның өнімі сертификатталған. Яғни, СТ-KZ сертификатына сәйкес, барлық еуропалық талаптарға жауап береді. Қазір жергілікті өнім тұтынушылардың сенімін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу