Биыл Сочиде өтетін "Новая волна" халықаралық ән байқауында еліміздің намысын жас әнші Рүстем Жүгінісов қорғайды. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.
"Сүйінші!!! Жақсы жаңалықпен бөлісейін. Мен "Новая волна – 2017" xалықаралық ән байқауының финалисті атандым!!! Мәскеуге кетіп қалғанымды айтпағаныма айып етпеңіздер. Жақсы тосын сый жасаймын деп ойладым. Арманым орындалып, міне, бүгін өздеріңізбен бөлісіп жатырмын. Игорь Крутой ағамыз ақ жол тілеп, батасын берді. Жақсы жаңалығымыз көп болғай!", – деп жазыпты әнші жеке парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу