“Астана” ХҚО делегациясы Ханчжоу электрондық коммерция индустриалдық паркі өкілдерімен кездесті

718

“Астана” ХҚО делегациясы Ханчжоу электрондық коммерция индустриалдық паркі өкілдерімен кездесті

“Астана” халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов “Жібек жолының экономикалық белдеуі” Саммитіне қатысу үшін Қытай Халық Республикасына (ҚХР) жасаған сапары аясында Ханчжоу электрондық коммерция индустриалдық паркінің (ХЭКИП) төрағасы Ся Минханмен кездесті.

Тараптар аймақтағы электрондық коммерцияның даму бағытын талқылап, “Жібек жолының экономикалық белдеуі” бағдарламасын жүзеге асыру аясында электрондық коммерция технологияларына деген сұраныстың алдағы уақытта арта түсетініне назар аударды, делінген АХҚО баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазіргі күні қытай компаниялары осы саладағы көшбасшыға айналған. ҚХР-дегі жоғарғы технологиялар паркінің құрылуына және салынуына мемлекеттік қолдаудың маңызы зор болды дейді Ся Минхан.

АХҚО мен ХЭКИП 2016 жылы қол қойылған ынтымақтастық меморандумы аясында тығыз және белсенді жұмыс істеп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу