Итальяндық инвесторлар Батыс Қазақстанға инвестиция салмақшы

1525

 Итальяндық инвесторлар Батыс Қазақстанға инвестиция салмақшы

Италияның Милан қаласында облыс әкімі Алтай Көлгінов бастаған батысқазақстандық делегацияның қатысуымен өткен бизнес-форумда елбасының республикамызға инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасы қаралды. Онда инжини­рингпен, мұнайгаз саласына құрал-жаб­дық шығарумен айналысатын итальяндық ірі компаниялардың бас­шыларына Батыс Қазақстан об­лысы экономикасының негізгі салалары, инвестициялық әлеуе­ті, өңірді мұнайгаз кластеріне ба­ғытталған машина жасау орта­лығына айналдыру жөніндегі іс-шаралары  таныстырылды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, еліміздің батыс аймағының агроөнеркәсіп өнімде­ріне деген сұранысын толығы­мен қанағаттандыруға болады. Сонымен қатар ЕАЭО мен ЕО елдеріне де азық-түлік экспортының кө­лемі жыл өткен сайын артып келеді. Бұл бағытта шетелдік инвесторлар үшін түрлі жеңілдіктер қа­растырылған.

Жалпы шетелдік компаниялардың об­лы­сқа инвестиция салуға қы­зы­ғушылығы зор. Оған кабельді-сым­ды өнімдер шығарумен айна­лысатын кәсіпорын, жылыжай шаруашылығының құрылысы, за­ман талабына сай келетін жаңа қо­нақ үй салу жобалары мысал бола алады. Ресейдің бес бірдей губерниясымен шектесетін және же­дел қарқынмен дамып келе жат­қан басқа да түрлі жобалар бар.

Бұдан бөлек, облыс әкімі итальяндық компанияларды ел­ор­дада өтіп жатқан EXPO 2017 көрмесін, сондай-ақ Орал қа­ласында дәстүрлі түрде өтетін "WestKazInvest – 2017" форумын тамашалауға шақырды. Онда шетел­дік қонақтарға отандық кәсіпкерлермен кездесіп, өзара пікір алмасу, жаңа өнім түрлерін шы­ғару, бірлескен кәсіпорын құру турасында келісіммен уағдаластық жүргізуге барлық жағдай жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу