Отандық тыңайтқыштар шетелге экспортталады

1497

 Отандық тыңайтқыштар шетелге экспортталады

Қазақстанда өндірілген өсімдік тыңайтқыштары шет елдерге экспорттала бастады. Астанадағы кешенді құнарландырғыш шығаратын компания отандық нарықты қамтып қана қоймай, Тәжікстан мен Қырғызстан елдеріне де өз өнімдерін жеткізіп отыр. Ал келер жылдан бастап Ресей нарығына шығуды көздейді, деп хабарлайды 24.kz.

"Ауылшаруашылық дақылдарының барлық түріне пайдалы бұл биоөнімге сұраныс артып келеді", – дейді мамандар. Себебі тыңайтқыш кез келген өсімдіктің өнімділігін 100%-ға дейін арттырады. Ал өндіріс орнының бір жылда 20 мың тонна сұйық және құрғақ өнім шығаруға қауқары бар.

"Біздің өнімдерді бау-бақшамен айналысатын шаруа қожалықтарынан бастап, аграрлық компанияларға дейін пайдалана бастады. Еліміздің әр өңірінен сұйық және құрғақ тыңайтқыштарға сұраныстар түсіп жатыр. Себебі біздің құнарландырғыштар топыраққа емес, өсімдіктің жапырағына үстінен себіледі. Бұл арқылы өсімдіктің өнімділігі арта түседі", - дейді минералды-органикалық тыңайтқыш шығаратын компания директоры Рүстем Әлиев. 

Айта кету керек, компания өз жұмысын биыл ақпан айында бастаған болатын. Жобаға үкімет қолдау көрсетіп, бағдарлама бойынша 355 млн теңге көлемінде грантқа қол жеткізген. Шаруасын ұршықша иірген өндіріс орны содан бері 400 млн теңгенің өнімін өндіріп, ішкі нарықты толық қамтыды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу