"Тау-Кен Самұрық" стратегиялық инвесторлар іздеуде

3568

Мемлекеттік тау-кен компаниясы өзінің негізгі кен орындарынан кен өндіру 2020-2021 жылдары қолға алынады деп болжап отыр.

"Тау-Кен Самұрық" стратегиялық инвесторлар іздеуде

"Тау-кен Самұрық" тау-кен ұлттық компаниясы иелік ететін Ақмола облысындағы Масал темір кені орнын игеру жобасына стратегиялық инвестор келуі мүмкін. Бұл туралы abctv.kz-ке Астанада өткен 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресінің жер қойнауы туралы кодексіне қатысты сессиясынан кейін "Тау-Кен Самұрық" компаниясының басқарма төрағасы Қанат Құдайберген әңгімелеп берді.

"Алайғыр (Қарағанды облысындағы полиметал кен орны – Ред.) бойынша жобаны 2020 жылдың I тоқсанында іске қосамыз. Ал Шалқияға (Қызылорда обылысындағы қорғасын-мырыш кен орны- Ред.) қатысты жобаны 2021 жылы іске қосамыз, өйткені 2019-2020 жылдары – тау-кен байыту комбинаты мен тау-кен шахталары жүйесін сала бастаймыз. Масал жобасына стратегиялық инвестор іздеп жатырмыз, бірнеше шетелдік серіктестермен келіссөз жүргізудеміз", - деді ұлттық компания топ-менеджері.

Оның айтуынша, стратегиялық инвестор міндетті түрде қытайлық компания болуы шарт емес. Көптеген ұсыныстар ішінен Үндістан, Еуропа және Қытайдың серіктесері қаралып жатыр деп атап өтті. Осы арада бір жыл бұрын "Казинформ" Масалдағы комбинатты қытайлық China National Technical Import and Export Corporation (CNTIC) компаниясы ҚХР Эксимбанкінің ақшасына салады деп хабарлағанын айта кету керек.

Осылайша, мемлекеттік компанияларды жекешелендіру бірыңғай лотадан емес, осы активтен басталуы мүмкін. Қазір "Тау-Кен Самұрық" компаниясын дамытудың жаңа стратегиясы әзірленіп жатыр, онда ұлттық компанияны тұжырымдамалық толық жекешелендіру мәселесі қарастырылуда, бірақ оның тетіктері әлі әзірленуде. Әртүрлі нұсқа зерттеліп жатыр, олардың ішінде IPO немесе компанияны толығымен емес, жекелеген жобаларды тікелей сату да бар. Компания қорының қаржылық және технологиялық жүктемесін қысқарту үшін жобаларға құзіреті жеткілікті мекенжайлық стратегиялық халықаралық инвесторлар тартылуы мүмкін. Қазір кейбір жобалар бойынша әртүрлі корпорациялармен, оның ішінде түрік және қытайлық корпорациялармен белсенді келіссөздер жүргізіліп жатыр. Тап қазір олар әртүрлі дәреже мен жол карталарына ие.

"Біз ұлттық компания ретінде қандай да бір жобаны жүргізуге, жобаны аяқтауға қызығушылық танытпаймыз. Біз оның дамуын ынталандырамыз. Бір жобаны бастаймыз да, оған стратегиялық инвесторларды тартамыз, бұл инвесторлар шетелдік немесе ішкі инвесторлар болуы мүмкін. Содан кейін жобадан ақырындап шығу нұсқасын әзірлейміз. Жекешелендіру мәселесі – бұл тұжырымдамалық мәселе, ал оның қалай іске асыру керектігінің әртүрлі нұсқаларын ойластырып жатырмыз", – деп атап көрсетті "Тау-Кен Самұрық"ҰТК" АҚ басқарма төрағасы abctv.kz.-пен болған әңгімеде.

Жер қойнауы туралы кодекс күшіне енгеннен кейін, тау-кен ұлттық компаниясы екі жыл ішінде жер қойнауы басқармасынан тыс қатысу үшін өтініш беруге басым құқыққа ие бола ма деген сауалға түсініктеме берген топ-менеджер мұның мүмкін еместігін айтты.

"Себебі қазір сирек, сирек жер металдарды дамыту мәселесі өзекті болғандығында шығар. Бұл бағытта да жұмыс істей бастаймыз, бірақ барлық жерде біз осы саланы дамытуды ынталандыратын боламыз. Ол үшін қандай да бір кен орнын алғанда онда серіктестер бар ма, қаржыландыру қөзі мен біліктілігі жеткілікті ме, соған мән беретін боламыз", – деді ол.

Шалқия кен орнын іске қосқаннан кейін келешек өнімді сатып алу туралы қол қойылған хаттама аясында бұл кен орнының барлық шикізатын "Қазмырышқа" жеткізу жоспарланып отыр. Еске салар болсақ, "Тау-Кен Самұрық" компаниясы "Қазмырыштың" 30%-ға жуық акциясын қадағалайды. Бірақ та жеткізу туралы айту ерте деп есептейді мырыш алыбының бас директоры Александр Хмелев.

"Біз мүмкін болған жердің барлығынан шикізат аламыз. Ресейден, Қиыр Шығыстан, Хакассия мен Тәжікстаннан, Өзбекстаннан, Перу мен Гватемаладан, Чилиден шикізат әкелеміз. Яғни пайда болғанның бәрін аламыз. Біз талғамай бәрін ала береміз, бұл мәселеде артықшылық жоқ. Әрине, қазақстандық шикізатты алған тиімдірек болар еді, өйткені логистика да жақын. Шалқиядағы шикізат туралы айтуға әлі ерте, себебі шикізат пайда болу үшін бірнеше жыл керек", – деді ол abctv.kz.-ке берген пікірінде.

Шикізат базасын ұлғайту үшін "Қазмырыш" ШҚО-да, Қарағанды облысында және Ақмола облысының Васильковский кен орны төңірегінде геологиялық барлау жүргізіп жатыр. Жалпы компаниядағылар барлық бағыт бойынша жұмыс істеуге тырысуда. Жер қойнауын барлау аумағын ұлғайту үшін "Қазгеология" мен ӘКК-пен жұмыс істейді.

"Шын мәнісінде, біздің геологиялық барлау департаментінің өзіне 15 жылдан асты, бізде бүгінгі күнге дейін келе жатқан бір проблема бар – геологиялық барлау департаменті бөлінген қаражатты тым болмаса бір жыл болсын игеріп көрген емес. Өйткені оған аумақ жетпейді, рұқсат жетпейді, рұқсатты уақытында алуға, келісімшартқа қол қоюға үлгермейді және т.б. Қазір енді алға қойған барлық бағдарламамызды толық көлемде іске асыра алатын боламыз деп ойлаймын", – деді Жер қойнауы туралы кодекстің маусымның соңында күшіне ену қарсаңында жер қойнауын пайдаланудың жаңа мүмкіндіктері жайлы сұраққа Дүниежүзілік тау-кен конгресінің тақырыптық сессиясында жауап берген Хмелев.

Сонымен қатар "Қазмырыш" көптеген жас компаниялармен белсенді өзара әрекет етеді, алайда оның барлығы бірдей атына сай емес.

"Шын мәнісінде, барлаумен және бізді қызықтырмайтын шағын кен орнында қандай да бір өндірумен айналысқысы келетін компанияларға банкке көрсетіп, қаржыландыру алу үшін дұрыс ТЭН-ні құруға көмектесуге тырысамыз және оларға кеңестік көмек көрсетеміз. Ал олар өндіруге дайын өнімді сатып алу бойынша бірлескен міндеттемені өз мойнымызға аламыз", - деді мырыш корпорациясының бас директоры.

Жалпы "Қазмырыш" өздерінің  қала негізін құрушы кәсіпорын құруға жеңілдетілген құқығын қолдану және 30 шақырымдық аралық қосалқы қор аясында кен орнын өңдеп жатқан компанияның маңына жақын аумаққа өтініш беру үшін жер қойнауы туралы кодекстің қолданысқа енуін күтіп отыр. Еске салар болсақ, жер қойнауын жаңаша реттеуге сәйкес өтініш берілген учаскелер аукцион рәсімі арқылы өтуге тиіс болады.

"Бұл көп жыл бойы қолда бар кен орындарын геологиялық бөлуден шығуға қатысты үлкен проблема болғанымен байланысты. Енгізілген жаңа ереже тап осы мәселені шешеді. Өйткені барлық кен орындарымыз –бұл бір тартылған кен белдеуі. Егер бұрын геологтардың кен орнына бөлінген учаске шекарасынан шығу-шықпауға қатысты пікірлерін дәлелдеу қиын болған болса, ал қазір бұл мәселе шешіліп жатыр. Сондықтан біз міндетті түрде қатысамыз", – деді Александр Хмелев тақырыптық сессиядағы пікірталаста.

Сондай-ақ Eurasian Resources Group тау-кен-металлургиялық корпорациясы да өздерінің кен орындарына жақын аралық босалқы қор барысында қатысуға өтініш береді деп "Еуразиялық топ" ЖШС басқарма төрағасы Серік Шахажанов мәлім етті.

"ERG компаниясы да кодекстің арқасында аралық босалқы қорға өтініш берді. Одан әрі жоспарға келер болсақ, әрине, біз аралық босалқы қорға қазір өтініш бердік. Барлық геологиялық зерттеулер жүргізіп, барлық мәліметке ашық қол жеткізгеннен кейін, осы қорларды одан әрі дамыту жоспарына мән беретін боламыз", – деді ол.

Сонымен қатар "Еуразиялық топ" жыл басынан бері өздерінің жер қойнауын пайдалануға қатысты келісімшарттарын жаңаша реттеу аясында лицензияға көшірудің тиімділігіне талдау жүргізіп келеді.

"Мұндай талдау жүргізіліп жатыр, әрине, аталған тетікті жақсарту тұрғысынан үлкен ұсыныс бар. Ол мұны бейресми түрде емес, нақты жасауға мүмкіндік береді. Біздегі кодекс лицензияға комиссияның нәтижесі бойынша көшуді қарастырады, ал бұл комиссия әр өтінішті жеке қарайды. Осының аясында тағы бір тармақ бар, онда аталған комиссия өтініштерді қарау кезінде көшу ережесін қосымша міндеттермен толықтыруы мүмкін, алайда бұл үшін не критерий, не шектеу белгіленбеген. Сондықтан осының негізінде жоба ережесінде шектеулерді лицензияға көшуде түсінікті тетік болуы үшін біздің қазіргі келісімшарт міндеттеріміздің бір элементі ретінде қарастыруға ұсынысымыз бар", – деп Серік Шахажанов талқылау аяқталғанда ұсыныс жасады.

Бұған дейін инвестиция және даму министрлігінің вице-министрі Тимур Тоқтабаев кодекс асында жер қойнауын пайдаланудың қолда бар келісімшарттарын лицензияға көшіру бойынша жұмыс істейтін республикалық комиссия жақында құрылатынын, арнайы нормативтік-құқықтық акт бекітілгеннен кейін өз жұмысын бастайтынын айтқан болатын.

Гүлназ Ермағанбетова, Данияр Сериков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу