35 мың кәсіпкер банкроттықтан аман қалуы мүмкін

1929

Жалған кәсіпкерлердің контрагенттеріне миллиардтаған үстеме шығын есептелуі мүмкін.

35 мың кәсіпкер банкроттықтан аман қалуы мүмкін

Бұл туралы "Атамекен" кәсіпкерлер ұлттық палатасының басқармасы төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов мәлім етті.

18 қазан күні Қарағандыға жұмыс сапарымен КҰП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев келді. Төралқа төрағасы жұмыс сапары барысында өңірдің "бетке ұстар" үш кәсіпорнының жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорындардың қатарында Ерлан Нығматулин тең мердігер болып табылатын "Сарыарқа нан Қарағанды" нан зауыты, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке нұсқауымен салынған "Қарағанды фармацевтика кешені" ЖШС, сондай-ақ Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар.

"Қарағанды кәсіпорындары жаңа деңгейге шықты және тек республикалық қана емес, сонымен қатар халықаралық компаниялардан да еш қалыспайды", – деп атап кетті Тимур Құлыбаев.

Облыстық палатада орналасқан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барғанда төралқа төрағасы бизнеске қаржылық емес қолдауда жасалып жатқан жұмыстың маңыздылығына тоқталып өтті. Осындай жұмыстың бірі Қарағанды облысының бос жер телімдерінің және өндірістік орын-жайларының  онлайн-картасын құру болып табылады.

Тап осы күні "Атамекен" КҰП басшылығы өңірлік кәсіпкерлер палатасының отырысын өткізді. Отырысқа Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов және жергілікті бизнес өкілдері қатысты.

Өңірлік кәсіпкерлар палатасының директоры Ернар Құлпейісов атқарылған жұмыстар қорытындысына тоқталып өтті. 2017 жылдың тоғыз айында палатаға кәсіпкерлікті қорғау желісі бойынша 239 шағым түскен, бұл шағымдар бойынша жасалған жұмыс нәтижесінде 570 млн-нан астам теңге сақталып қалған.

Көптеген шағым, әсіресе, сатып алулар (15%), салықтық қарым-қатынас (14,1%), АӨК-ні субсидиялау (11%), жер қатынастарына (7,5%) қатысты түскен.

"Бизнес жасау үшін жер телімін бөлу, жалған кәсіпкерліктен зардап шеккен контрагенттерге салықты есептеу, мұнай базаларында және автокөліктерге жанармай құю станцияларында есептеу бақылау құралдарын орнату бойынша міндеттемелер, сондай-ақ басқа да проблемалар – өңір кәсіпкерлерінің шешілмеген жүйелі мәселелері", – деді Ернар  Құлпейісов.

Бұл тақырыптардың әрқайсысы қарағандылық кәсіпкерлердің "Атамекен" басшысына қойған сұрақтарда көрініс тапты.

Қарағанды бизнесінің қиындықтарын талқылау туралы abctv.kz жеке тоқталатын болады. Ал олардың ішіндегі ең басты деген проблемалардың бірі келесідей болды: "Атамекен" кәсіпкерлер ұлттық палатасының арқасында жалған кәсіпкерлік туралы бап жойылғанына және оған қатысты барлық қылмыстық іс жойылғанына қарамастан, бап күшін жоймай тұрған кезде Қарағанды облысының 29 кәсіпкеріне 1,107 млрд теңге айыппұл қосымша есептелді. Қазақстан бойынша 35000 кәсіпкерге қосымша есептеу жасалған, ал бұл жүздеген миллиард теңге. Егер олар мұның бәрін төлейтін болса, онда олар банкрот болады. Кәсіпкерлер салықтық амнистияға сене алады ма?"

"Атамекен" КҰП басқармасы төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов бұған былай жауап берді: "Тимур Асқарұлы (Құлыбаев- автор еск.) бұл мәселені көтерген болатын. Жалған кәсіпкерлік бабын жоюмен қатар амнистия мәселесі көтерілетінін жақсы білдік. Мемлекеттік кіріс комитеті өсімақы мен айыппұлды шегеруге дайын, ал бұл біздің мәліметіміз бойынша соманың 2/3 бөлігі. Барлық сомаға қатысты мәжіліс депутаттарына өтініш жасадық. Оның ішінде "Ақжол" фракциясы бізді қолдап, өткен аптадағы пленарлық отырыста осы идеяны көтерді. Барлық соманы шегеріп тастау үшін саяси шешім керек, ал оны депутаттар қабылдауға тиіс".  

Энергетика және ТКШ бойынша да шешімдер санмен көрсетілетін болады.

Өңірлік кеңесте көтерілген маңызды тақырыптардың бірі – энергия көздеріне қосылуға рұқсат алу.

Жергілікті саудагерлердің айтуынша, үш энергия компаниясынан мұндай рұқсатты алу үшін қазір 19 анықтама қағазын жинау керек. Ал бұған қаншама ақша мен уақыт кетеді. Осыған байланысты кәсіпкерлер көрсетілген уақытта барлық энергия көздеріне қосылуға техникалық шартты алатын  бірыңғай энергетика орталығын құруды ұсынған.

"Үкімет бизнес үшін" жобасының базасындағы "Цифрландыру кеңсесінде" бұл қарастырылып та қойылған. Енді бизнесмен анықтамаларды өзі жинамайды, мемлекеттік органдар бірыңғай база арқылы жинайтын болады. Ал сіздерге тек рұқсат қана беретін болады", – деп түсіндірді Төлеміс Шотанов.

Сонымен қатар КҰП инвестициялар және даму министрлігі желісі бойынша ТКШ мәселесіне қатысты заңнамалық актіге өзгерту енгізуге бастама жасады. Бұл жаңалықтар кәсіпкерлерге құрылыс салу кезінде, мысалы, көп  пәтерлі тұрғын үйге жалғастырып құрылыс салғанда көмектеседі. Алдағы уақытта мұндай құрылыс салу үшін үйдің пәтер иелерінен келісім алу қажет болмайды, мұны олар тез арада электрондық цифрлы қол қою арқылы жасай алатын болады.

Гүлназ Ермағанбетова, Олег И. Гусев​
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу