Ақылға сыймайтын "ұят": COVID неге бізді жеңіп жатыр?

2046

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды. Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

Ақылға сыймайтын "ұят": COVID неге бізді жеңіп жатыр?

camonitor.kz: "Ақылға сыймайтын "ұят": неге COVID бізді жеңіп жатыр?" деп жазады басылым. Аталмыш мақала соңғы күндері Қазақстандағы коронавирус төңірегінде қалыптасып отырған жағдай туралы. Автордың пікірінше, біз дәрігерлер мен билікті қанша кінәлағанымызбен, бар айып өзімізде, яғни біздің менталитетте екенін мойындауымыз керек.

Ресми дерек бойынша елде карантин жарияланған екі жарым айдың ішінде COVID-19 инфекциясынан 40 адам көз жұмған. Ал карантин алынған уақыттан бері, яғни маусым айының үш аптасында 87 адам қайтыс болған. Демек өлім көрсеткіші сегіз есе өскен. Мамандардың мәлімдемелеріне қарағанда бұл үрдіс өсе түсетін көрінеді. Сол себептен мамандар Италиядағы жағдай бізде қайталанбаса екен деп алаңдап отыр.

"Италияда болған жағдайды сарапшылар менталититпен де байланыстырады. Себебі бұл елдің азаматтары көп болып жиналғанды жақсы көреді, кездескенде міндетті түрде құшақтасып, сүйісіп амандасады. Бұл әдет жақсы болғанымен, өте қауіпті. Біздің халықта мұндай әдет жоқ па? Мәселен, карантин алынған соң жаназа, ас беру сияқты жиындар қайта көбейді. Әрине, марқұмды соңғы сапарға шығарып салу міндет. Бізде бұл "қонақасы", "бейсенбілік", "қырық күн", "жүз күн", "жылы" сияқты ас дастарханымен өтеді. Мұндай шараға ондаған, кейде жүздеген адам жиналады. Қайтыс болған адамның туысқандары мұндай шараны өткізбеуге ұялады, ал туысқандары бармауға ұялады", – деп жазады мақала авторы.

express-k.kz: "Алматы енді алманың атасы емес, қараағаш астанасы" деп хабарлайды басылым. Алматының әрбір тұрғынына 3,5 шаршы метр жасыл желектен келеді екен. Бұрын Алматы – бау-бақ қаласы атанып жүргенде бұл көрсеткіш 10 шаршы метрді құраған болатын.

Алматыдағы жасыл экономика басқармасының жетекшісі Наталья Ливинскаяның айтуынша, қазіргі кезде қалада 350 мың ағаш бар. Оның 40%-ы – қараағаш, 10%-ы – үйеңкі, 4%-ы – терек және мамыргүл. Алмасы көп қалада алма ағашының саны 6%-ды құрайды.

"Өткен жылы Алматы әкімшілігінің ұсынысымен Jasyl Almaty шарасы жүзеге асырыла бастады. Бұл шара аясында алдағы үш жыл ішінде миллион ағаш отырғызу көзделген. Үстіміздегі жылы енгізілген карантин бұл жоспарды іске асыртпады, бар болғаны сегіз мың ағаш қана отырғызылған. Алдағы күзде бәрі ойдағыдай болса, іске аспаған жоспар орындалады, яғни 257 мың ағаш отырғызылады деп күтіліп отыр", – деп жазады басылым.

sputniknews.kz: Қазақстандықтар қажылық жасау үшін 2020 жылы Сауд Арабиясына бармайды деп жазады басылым. Бұл ақпаратты Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы растаған. Басылымның хабарлауынша, Сауд Арабиясы билігі коронавирусқа байланысты шектеулі ғана адамға қажылық жасауға рұқсат берген. Ол мұсылмандар қатарына әмірлікке жетіп алған азаматтар жатады.

"Коронавирус халық көп жиналған жерде тарайды. Сол себептен мұсылман күнтізбесі бойынша 1441 жылғы (2020 жылғы) қажылыққа шектеулі ғана адам қатыса алады. Бұл Әмірлікте өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері", –деп жазады басылым.

Басылымның дерегі бойынша, араб елдері арасында Сауд Арабиясы мемлекеті COVID-19 дертін жұқтырған адамдар саны бойынша алғашқы қатарда тұр. Бұл елде 161 мың адам аталмыш ауруды жұқтырған, мыңнан аса адам осы дерттен көз жұмған, 105 мың адам жазылып шыққан.

caravan.kz: "Нұр жолы" кедендік бекетінде жүрген жүк көліктері жүргізушілерінің арасында бүлік шығатын түрі бар деп хабарлайды басылым. Себебі қытайлық және қазақстандық кеденшілер арасында түсініспеушілік пайда болып, жүк көліктерін өткізу процесі баяулаған. Осының салдарынан бірнеше шақырымдық кептеліс пайда болған.

Жүк көліктерінің жүргізушілері ыстық күнде күтуден шаршаған. Осының салдарынан автобанда күнде дау шығып, ұрыс-керіс көбейді. Мұндай кикілжің тек жүргізушілер арасында ғана емес, билік өкілдерімен де болады. Басылымның хабарлауынша, кейде дау төбелеске де ұласады.

"Өткен аптада "Караван" газеті барлық мүдделі мекемелерге – қаржы министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, сауда және интеграция министрлігі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сұрау салған. Барлық мемлекеттік мекемелерге бір ғана: "Нұр жол" кеден бекетіндегі жағдайды реттеу үшін не істеп жатырсыздар? – деген сұрақ қойылды. Алайда бір апта өтті, еш жауап жоқ", - деп жазылған газет мақаласында.

Гүлмира Қамзиева


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу