Александр Винокуров: "Астана" жарыстарға сақадай сай

1472

Astana Pro Team  велоклубының бас менеджері Александр Винокуров команданың Әлемдік турларға дайындығы жайлы әңгімеледі.

Александр Винокуров: "Астана" жарыстарға сақадай сай

2020-жылдың велосипед маусымы коронавирус пандемиясына байланысты тоқтаған болатын. Енді жарыстар тамыз айынан бастап қайта жалғасады деп жоспарланып отыр.

Осындай қиын уақытта шабандоздар өздерінің спорттық бабына жауап берсе, менеджментің жауапкершілігі одан да ауқымды. Кризиспен күресуге арналған жоспарларыңыз қандай?

- Пандемия басталған уақытта біз жиналыс өткізіп, жалақыны 30% қысқарту туралы шешім қабылдадық. Мұндай шешім шығару оңайға соққан жоқ. Дегенмен осындай қиын кезеңде түсініспеушілікпен қарау өте маңызды. Эпидемияның әсерінен Әлем өзгеруде. Осыған дейін келісім-шартта көрсетілген жалақы енді болмайды. Барлық спорттық жобадағы демеушілерді де түсінуге болады. Бұл мәселенің бір жыл ішінде шешілуі екіталай. Алайда біз қиын жағдайдамыз деп шағымданбаймыз. Дайындық жұмыстарын жүргізіп, ең жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз. Жарыс барысында орын алуы мүмкін жағдайлардың кез-келгеніне дайынбыз. Ең бастысы велододалар басталса болғаны. Жарыстардың барлығы тоқтап қалса, командалар жабылып, кризиске түсер еді. Әрине, экономикалық тұрғыдан алар болсақ демеушілер "Тур де Франсты" өткізсе жақсы болар еді. Себебі маусым тек соған қарап тұр. Егер жергілікті ұйымдастырушылар көпкүндікті жанкүйерлерсіз өтеді деп жатса, оған да түсінушілікпен қараймыз. Жарыс өтсе болғаны. UCI мен жарыстың ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз. Ал команда тарапынан аурудың таралуына жол бермеу үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз.  

Пандемия басталғанда бұл мәселенің күрделілігін көбісі түсінбеген сияқты. Бірақ велесебедшілердің мұны бәрінен  бұрын түсінгені анық. Себебі "Эмират туры" мерзімінен бұрын аяқталған еді.

- Ол сайыс біз үшін де, таулы кезеңде жеңіс тұғырына біршама жақын болған Алексей Луценко үшін де сәтті аяқталды деуге болады. Басқаларға қарағанда пандемияның күрделілігін ертерек түсіндік. Спортшылардың бабында болғанына қарамастан, "Париж-Ницца" жарысына қатысудан бас тарттық. Біз үшін командада жұмыс атқаратын қызметкерлердің денсаулығы маңызды болды. Тәуекелге бармауды жөн санадық.

Карантин аяқталған соң шабандоздарды бір ортаға біріктіру қиын болған шығар? Себебі бірнеше ай бойы шабандоздар әр түрлі жағдайда жаттықты. Кейбіреулер жиі тас жолдарға шығып тұрса, ал басқалары үйде жаттығу жасады.

- Иә, дәл солай. Кейбір мемлекеттерде шабандоздардың толықтай тас жолдарда жаттығуға мүмкіндігі болды. Ал қалғандарына велостанокта жаттығуға тура келді. Шілде айында команда таулы аймақта екі апталық оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Бұл шабандоздарға қайта бабына келу үшін көмектеседі.

Сіз тәжірибелі спортшысыз. 2012 жылы өткен Олимпиадада жеңіске жетпей тұрып, ауыр жарақат алған едіңіз. Сол кезде қайта бабыңызға қалай жылдам келдіңіз? Қателелеспесем бұрын станокта жаттығу шабандоздардың басым бөлігіне ұнамайтын. Ал енді карантиннен кейін бұл түсінік өзгерді ме?

- Енді оған мүлде басқа көзқараспен қарайтын болдық. Қазіргі таңда интерактивті бағдарламалардың көмегімен жүру бұрынғыдан қызықты. Тіпті "Тур де балкон" деген ат қойып, онлайн жарыстарда бағымды сынап көргенмін. Бұл жаңа тәжірибе мен үшін қызықты өтті. Бұл жағынан командамыз жақсы нәтиже көрсетті. Жігіттер виртуалды форматта өткен "Джирода" жеңіске жетті. Енді міне тағы да виртуалды "Тур де Франсқа" қатысып жатырмыз. Көпкүндік алты кезеңнен тұрады. Қарсыластарымыз өте мықты. Бұл экзотика немесе ойыншық емес. Бұл қазіргі заман талабы. Сондықтан біз мұны қабылдай алуымыз керек.

Алдағы уақытта өтетін велододалардың күнтізбесі тығыз ораналасқан екен. Ең қиын жарыстарға мықты шабандоздар барып үлгере ме?

- "Тур де Франс" пен "Вуэльта" арасында біраз уақыт бар. Аралықтағы уақытта шабандоздар қайта бабына келіп үлгереді деп ойлаймын. Әрине, біз әрбір шабандоздың жағдайына қараймыз. Дегенмен, шабандоздардың көбісі екі Гранд-турға да қатысуға шамалары жетеді.  

Ресей чемпионы,  жас шабандоз Алексей Власов туралы ойыңыз?

- Келе салысымен ұжыммен тез тіл табысып кетті. "Прованс турында" Луценкомен бірге тамаша өнер көрсетті. Батыл әрі қабілетті шабандоз. Жалпы есепте бірінші орын иеленуге сәл ғана жетпей қалды. Алайда ол кезеңдердің бірінде жеңіске жетіп, жарыстың қорытындысы бойынша жеңіс тұғырына көтерілді. Власов та "Джироға" барады. Ол жақта Фульсангқа көмектеседі, тәжірибе жинап, кезеңде жеңіске жетуге талпынып көреді. Біз көмекшілерге ылғи да кезеңде жеңіске жетуге мүмкіндік береміз. Жарыс барысындағы жағдайға байланысты сәті түсіп жатса, спорттық директорлар көмекшілерге де шабуылға шығуа рұқсат береді.

Біз Әлемнің түкпір-түкпірінен, Жаңа Зеландиядан Латын Америкасына дейінгі елдерден жанкүйерлер тарапынан "Астананы" қолдап түрлі хаттар келіп жатады. Менің ойымша бұл команданың ұлттық жоба ретінде қалыптасқанының дәлелі. Сонымен қатар "Астана Про Тим" шабандозы атану Қазақстандағы  кез-келген велесебдшінің арманы деп ойлаймын.

- Иә, командаға 15 жыл болды. Бұл біраз уақыт. Бізді көптеген елдерде танитыны және жанкүйерлердің бізді қолдайтыны маңызды әрі тамаша. Команданың өз имиджі қалыптасып үлгерді. Бұған дейін клуб сапына легионерлер алғанымыз үшін бізді сынға алған адамдардың болғанын білемін. Алайда бұл жоғары деңгейдегі кәсіби спорт. Онда шетелдік спортшыларсыз болмайды. Бір жағынан сол шетелдік спортшылармен қатар жүргенде біздің велесебедшілеріміз тәжірибе жинайды. Қазіргі таңда федерацияның жаңа басшысы Нұрлан Смағұлов тәжірибелі қазақстандық мамандарды командаға іріктеп алуға үлкен мән беруде және ол өз ісінің жанкүйері десем де болады. Сонымен қатар біздің бас серіктесіміз "Самұрық-Қазынаға" да алғысымды білдіремін. Олар бірнеше жылдан бері бізге қолдау көрсетіп келеді. Жігіттермен сөйлескенде олардың қиындыққа мойымай болашаққа сенімді қарайтынын, жалындаған от жанарларын байқауға болады. Олар жарыстарға сақадай сай, жеңіске жетуге деген талпыныстары да зор. Сондықтан 1-тамыздан соң жарыстар басталып, көрермендер назарына ұсынылады деп жоспарлап отырмыз.

Сұхбатыңызға рахмет!

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу