Алтын үшін алтын уақыт

5702

Қазақстанның алтын өндірушілері жер қойнауы туралы кодекске енгізілетін түзетулерден шошып отыр.

Алтын үшін алтын уақыт

"Майнекс – Орталық Азия – 2017" тау-кен өндірістік форумы бірінші сессиясының мордераторы, American Appraisal компаниясының басқарушы директоры Александр Лопатников алтын өндіру саласының болашағын бұлтсыз деп сипаттады. Ол биылғы жылы тау-кен нарығының дамуын талқылай келе, "қазір алтынның жағдайы жаман емес, тіпті әлдеқайда жақсы болуы мүмкін" деп баға берді.

Соңғы жылдары алтынға ақылға қонымсыз баға қойылып, бағалы металл арзандап кеткеніне қарамастан, былтыр бұл үрдіс керісінше бағытқа бет алды.

"Алтын бағасының мұндай бетбұрыс жасауына себеп болған фактордың бірі – инвестициялық сұраныстың қайта қалпына келуі, бірақ алтынды нақты металл ретінде сақтап отырған қорларға тартылған алтын мөлшері барынша көп әсер етті, – деп түсіндірді Александр Лопатников. – Бұл құралға Қазақстан, Ресей және басқа елдер үлкен үміт артып, күтіп отыр, себебі әзірше инвестиция салуға мүмкіндік жоқ, өкінішке қарай, осындай алтынға байланған құралдар біздің нарықта жоқтың қасы. Болғанын қалар едік".

Оның айтуынша, өндірілетін алтын мөлшерінің 50 пайыздан астамын тұтынатын зергерлік өнеркәсіптің сұранысты азайтуы да алтын бағасының ретке келуіне әсер ете алмады.  Осы өндірістің негізгі тұтынушылары – Үндістан мен Қытай алтын тұтыну мөлшерін қысқартты.

"Егер Қытай ұлттық валютаны қолдау үшін осылай істесе, Үндістан еңбексіз табылған табыспен күресті, бірақ ақырында ол жеңіске жетіп, сонымен бірге алтынның зергерлік өнеркәсіпте қолданылуы да артты", – деп түсіндірді спикер.

Оның болжамы бойынша, қытайлық зергерлер бұл кідірісті жақын арада тоқтатады: Аспан асты елінде халықтың әл-ауқаты артып келеді, демек, ҚХР халқының басым бөлігі инвестиция жасауға мүмкіндіктері пайда болады деген сөз.

"Бұл алтынды зергерлік өнеркәсіпке пайдаланудан да көрінеді, оның үстіне нақты алтынға салынатын инвестиция мен алтынды инвестициялық құрал ретінде сатып алу белең алады, алтын нарығы тұрғысынан алғанда және инвестиция салуға мүмкіндігі бар қытай халқының саны мен экономикасының маңыздылығын ескерсек бұл өте жақсы белгі", – деп баса айтты ол.

Доллар алтынға бәсекелес емес, Трамп – көмекші

Александр Лопатниковтың сөзінше, алтын құнының өсетініне тағы бір дәлел – доллар бағамы, қазір ол ең жоғары деңгейіне жетті және одан әрі тек құлдырай береді. "Доллардың өсуіне негіз жоқ, ол өзінің шарықтау шегіне жетті, ал шикізат тауарлары доллармен  есептелетіндіктен, шикізат құнының төмендеуі оған әсер етпей қоймайды. Сондықтан осы тұрғыдан алғанда доллардың әлсіреуі алтын құнының қымбаттауына әкеледі деп топшылауымызға негіз бар".

Бағалы қағаздар нарығы да алтынмен бәскеге түсе алатын жағдайда емес, демек ол алтынға инвестициялануы мүмкін қаржылық ресурстардың бір бөлігін тартып алуға қауқарсыз.

"Қазір АҚШ-та бағалы қағаздар Ұлы дағдарыс кезендегі деңгейге жетпесе де, 2000-жылдардағы дүмпу заманындағы деңгейде саудаланып тұр. Сондықтан қазіргі кезде бағалы қағаздарға инвестиция салып жатқандар одан табыс таппақ түгіл, 30 жылдан кейін қайтарып ала алуы да үлкен сұрақ тудырады", –  деген болжам жасады сарапшы.

Сонымен қатар, бар әлемге жағымсыз әсер етіп отырған макроэкономикалық немесе саяси тәуекел деген бар. Алтын үшін ғана емес, жалпы әлем үшін оның жақсылық әкелері шамалы. "Географилық жанжалдардан бастап әлемдік экономикаға дейін түрлі маңызды көрсеткіштер бойынша тұрақсыздық орын алғанын көріп отырмыз, экономистерде де, сарапшыларда да "күмәнді оқиғалар тәуекелі" деген жаңа ұғым пайда болды: Дональд Трамп АҚШ-тың президенті болады деп ешкім ойламаған, бірақ солай болды, – деді Александр Лпатников. – Алтынға қатысты алсақ, алтын – соңғы үміт активі болғандықтан, бұл да жағымды фактор".

Болашақ жарқын, тіпті одан да жақсы

2016 жылы алтынның қымбаттауына мүмкіндік берген себептерді саралайтын болсақ, ол себептер биылғы жылы да бар екенін анықтауға болады. "Осы факторлар жыл соңына дейін әрекет етеді", – деп есептейді American Appraisal-дың басқарушы директоры. – алтын бағасы төмендейді деген қауіп жоқ, керісінше көтерілуге мүмкіндік көп деп есептейді біздің әріптестеріміз. Баға бірден күрт көтерілмесе де, 2017 жылдың соңына дейін алтын бағасы айтарлықтай өскенін байқай аламыз. Унициясына 1300 доллар – бұл алтын үшін ең жоғарғы шек емес".

"Алтынға инвестиция салатын мұндай жақсы уақыт" әлемде, оның ішінде Қазақстанда  бұрын соңды болмаған деп сендіреді Александр Лопатников. "Қазір әлемде алтын өндіріп, шығынға ұшыраған компания жоқтың қасы, – деп есептейді ол. – Әрине, тиімсіз тіпті тым жаман жобалар бар, оларды мүлде іске қоспау керек еді. Бірақ егер сіз барлығын дұрыс істесеңіз, егер жұмысыңыз жақсы ұйымдастырылса, әлдебір ауыр салық түрлері болмаса, шығынға ұшырау үшін өте үлкен қателік жасау керек шығар".

Бұл процесс "кейінгі кездері белең алып жатқан ұлттық валюта бағамын түзету" сияқты факторлармен байланысты екенін жасырмады сарапшы. Сондықтан алтынның өрлеуі "үздіксіз жалғаса бермейтінін" мойындайды. "Дегенмен қазір алтынға инвестиция құятын жақсы уақыт, бүгінгі күні көптеген фактор алтынның болашағы жарқын болатынын аңғартады", – деп сөзін аяқтады American Appraisal-дан келген спикер.

Тыңдаушылар алғашқы баяндамашының жарқын болашаққа жігерлендірген сөзінен кейін есін жиып үлгерместен, "Полиметалл Евразия" ЖШС бас директоры Қанат Досмұхаметов мемлекеттік органдардың Тау-кен кодексіне енгізер түзетулерінен қауіптенетінін айтып елең еткізді. Оның пайымдауынша, құжатқа енгізілген кейбір өзгерістер алтын өндірушілердің жұмысын ғана емес, жалпы республиканың жер қойнауын игерушілердің болашаққа деген үмітін күлге айналдыруы мүмкін.

"Кодекс жаңашыл, өте жақсы, бірақ, әдеттегідей, мінсіз ештеңе болмайды – бүгінгі күннің өзінде бірқатар қайшылық анықталды, – деді Қанат Досмұхаметов. – Бірінші қайшылық – кодекстің тұжырымдамасы бойынша елдің барлық аумағын барлау үшін бөліктерге бөлу көзделген болатын және осыған сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығын алуда теңдік пен еркіндікке жол ашылды. Кодекстің жобасында "Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы" атты қызық құжат пайда болды, енді айырмашылықты анықтап көріңіздер. Болашақта кен барлау және өндіру аумақтары ретінде  тек осы мемлекеттік қорды басқару бағдарламасына ғана енген жерлер беріле ме деп қауіптенеміз".

Айт кету керек, оның сөзінше, осы бағдарламаға енгізілетін аумақтарға қойылатын талаптар әзірге жасалмаған, тіпті жерді осы бағдарламадан алуға мүмкіндік беретін талаптар жоқ.

"Бұл мәселені ойластыру керек, себебі мұндай жағдайда "бірінші келдің – бірінші алдың" қағидасы толық деңгейде іске асырылмайды", – деді "Полиметалл Евразияның" бас директоры. Сондай-ақ кодексте жаңадан табылған кен орындарын игеру үшін мемлекетке басымдық беруден бас тартылғанын еске салды, бұл жер қойнауын пайдаланушылардың барлығына автоматты түрде бірдей мүмкіндік береді.

"Бірақ жобада қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын стратегиялық санатқа жатқызу көзделген, – деді Қанат Досмұхаметов. – Бәрі дұрыс болар еді, бірақ стратегиялық пайдалы қазбаларға уран, фосфорит, тақтатас, алтын, мыс тіпті көмір де жатқызылады, демек оларды өндіру үшін рұқсат алу керек болады. Сонда рұқсат құжаттарының санын қысқартамыз дегеніміз қайда, сондай-ақ осы санатқа жататын кен орындарын игеру бойынша қолданыстағы келісімшарттардың жағдайы не болады? Бұл да түсініксіз".

Одан бөлек, оның айтуынша, кодекс жобасынан өндіріс процесін алғашқы өндеу ұғымы алып тасталды деуге болады, осыған байланысты алтын өндірушілер арасында түсінбеушілік пайда болады: соңында өнідіріс деген не, өндірістің өнімі не: кен бе әлде Доре қорытпа ма? Онда олардың арасынан концентрат неліктен өткізілді? "Бұл, өз кезегінде, келісімшарт бойынша қызметті анықтауда салық органдарымен дауласуға әкелуі мүмкін", – деп қолданыстағы қиындықтарды атады сала өкілі.

Үлгілер рұқсатпен ғана шетел асырылады

Кодекс жобасына енгізілген түзетулер салдарынан пайда болған тағы бір қайшылық техногенді минералды құрылымдарға қатысты: кодекс жобасында олар "өндіріс қалдықтары" деп аталған, бірақ неге екені белгісіз осы қалдықтардан  пайдалы қазба алу жер қойнауынан шикізат алғанмен теңдес өндіріске жатқызылған. Сонымен бірге мемлекеттік және мемлекеттік емес қалдық деген бөлініс жоқ, салдарынан жер қойнуын пайдаланушы өндіріс аумағындағы өзіне дейін жиналып қалған қоқысты залалсыздандыруға мәжбүр болады деп есептейді Қанат Досмұхаметов.

"Сонымен қоса ол өз өндірісінен қалған қалдықтан пайдалы қазба ала ала ма, жоқ па, бұл да түсініксіз. Біздің ойымызша, бұл қалдықтарды өндеуде қиындық тудырады", –деп санайды ол.

Ең түйінді мәселе: Тау-кен кодексінің жобасында геологиялық ақпаратты республикадан тыс жерлергеге табиғи тасымалдаушымен шығару үшін рұқсат алу туралы норма пайда болды, сондай-ақ кернді шығаруға тыйым салынды. Яғни, геологиялық барлау жұмыстарын өткіздің, үлгілерін алдың, ал оны шетелде зерттегің келсе, қағаз алуға жүгір: егер Қазақстанда тиісті зертханалар болса ешқандай да қиындық тумайтын еді, мұны отандық қызмет көрсетушіні қолдау деп түсінер едік. Бірақ...

"Өкінішке қарай, елімізде нақты, шындық зерттеу жүргізетін құзырлы зертхананың жоқ екенін мойынауымыз керек және зертханалық зерттеулерді мерзімінде ала алмау қаупі бар, соның салдары ретінде барлау мен өндіруде кедергілер туындайды", – деп мәлімдеді Қанат Досмұхаметов. Оның айтуынша, қазіргі кезде осы мәселелер инвестиция және даму министрлігінде қаралып жатыр.

Ал инвестиция және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, өз кезегінде, тыңдармандардың Александр Лопатниковтың сөзінен кейінгі көтеріңкі көңіл-күйін қайтарғысы келіп, кодексте бәрі жақсы болады, қазіргі жағдайдан әлдеқайда жақсы болады деп сендірді.

"Маған дейінгі баяндамада заң жобасының ретке келтіріп жатқан тұстары сөз болды, – деп мәлім етті вице-министр. – Бірақ біздің мақсат Жер қойнауы туралы кодексті барлық инвесторларға түсінікті етіп жасау. Айта кеткім келетіні, Қазақстан реформалар бойынша көш бастап келе жатыр, бірақ біз осымен тоқтап қалмауға тиіспіз, соңына дейін жеткізу керек. Өткен жылдарда жақсы тәжірибе болды, бізде 1996 жылғы өте жаңашыл заң болды, ол алғашқы инвесторларды тартуға мүмкіндік берді, кейінірек реттеудің қатал әдістеріне көштік, ал енді біз қайтадан заңды ізгілендіруге бет бұрудамыз. Сондықтан, өзімнің жеке пікірім, біз дұрыс бағытты тандадық деп ойлаймын, оған қоса аймақ бойынша бәсекелестерімізбен салыстырғанда біз көш ілгері келеміз".

Игорь Воротной, Әйгерім Сүлейменова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу