Қазақстан делегациясын мемлекеттік хатшы, ҚР президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша ұлттық комиссия төрағасы және әйелдер бизнесінің дамуына үлкен көңіл бөліп жүрген Гүлшара Әбдіхалықова бастап барды деп хабарлайды ҚР "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті.
Форумға Түркия Республикасы премьер-министрінің орынбасары Хакан Чавушоғлы, Түркияның сауда палатасы одағы мен сауда биржасының іскер әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары Рухсар Пекджан және ҚР "Атамекен" КҰП іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Ләззат Рамазанова қатысты. Қазақстандық делегацияның құрамына шамамен 50 іскер әйел кірді.
Форумда сөз алған ҚР "Атамекен" КҰП іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Ләззат Рамазанова бүгінгі күні Қазақстан ЖІӨ-сінің 40%-ға жуығын әйелдер құрып отырғанын, қазақстандық бизнесті дамытудағы олардың үлесі күн санап артып келе жатқанын айтты.
"Қазақстанның "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы кеңес беруші орындарының алғашқыларының бірі болып өз алаңында іскер әйелдер кеңесін құрды. Бүгінгі таңда 16 өңірлік кеңес, 170 кеңес аудан орталықтарында құрылған. Оларды табысты кәсіпкер әйелдер басқарып отыр. Осылайша, кеңес Қазақстанның түкпір-түкіпіріндегі табысты және әлеуметтік белсенді әйелдерді біріктірді. Қазақстанда жеке кәсіпкерліктің 47%-ын, заңды тұлғалардың 26%-ын және шаруа және фермерлік шаруашылықтың 19%-ын әйелдер басқарып отыр", – деді Ләззат Рамазанова.
Ләззат Рамазанова форумға қатысушыларға "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер орталығы жұмысының негізгі бағыттарын таныстырып, КҰП-ты құруда континенттік үлгі, ең бірінші кезекте, Түркияның сауда-өнеркәсіптік палатасы мен сауда биржасының озық тәжірибесі қолданылғанын атап кетті.
Еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бастап Қазақстан-Түркия іскери кеңесі жұмыс істейді, 2009 жылы түркі тілдес мемлекеттердің іскерлік кеңесі құрылды, ал 2014 жылы ҚР "Атамекен" КҰП және ТОББ түрік сауда палатасы одағы меморандум жасады. 2015 жылы Қазақстан-Түркия іскери кеңесі ТР (DEİK) экономика министрлігі жанындағы сыртқы экономикалық комитет пен Қазақстанның сыртқы сауда палатасы арасында жаңа форматта қайта құрылды. Бұл іскерлік кеңес Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді. Оған статистика дәлел.
Өткен жылдың сәуірінде бірлескен қазақстан-түрік сауда-өнеркәсіптік палатасын құру туралы шешімнің қабылдануы – екі ел арасындағы іскерлік серіктестікті тереңдете түседі.
"Бұл ұйымды құру екі ел арасындағы инвестициялық мүмкіндіктерді ілгерілетуге, бизнестің өзаратиімді ынтымақтастығын дамытуға көмектесетін болады. Өткен жылдың қазанында Ыстамбулда Қазақстан мен Түркия іскер әйелдерінің алғашқы бизнес-форумы өтті, оған біздің кеңестің белсенділері қатысып, екі мемлекет арасында екі жақты экономикалық қатынасты дамытуға іскер әйелдердің қосқан үлесі айрықша аталып кетті. Осы сапар екі елдің іскери ортасы арасындағы өзаратиімді уағдаластықты нығайтуға мүмкіндік береді", – деді Ләззат Рамазанова.
Форум аясында "Қазақстан – цифрландыру дәуірінде иневторлар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамыту" және "Қазақстан мен Түркияның әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың келешегі" панельді сессиялары болды. Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі (оның ішінде Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облыстары) мен туризмінің келешегі талқыланды. Форумға қатысушыларға
"Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Түркияның сыртқы экономикалық байланыс жөніндегі кеңесінің жұмысы таныстырылды. Форумның соңында делегаттар ТОББ Университетін, индустриялық аймақ пен Panora сауда орталығын аралады.
"Атамекен" КҰП баспасөз қызметі