Қызылорда облысының Жалағаш ауданында БҰҰ Даму бағдарламасының бірыңғай жобасы шеңберінде Еуропалық Одақ қаржыландыратын жасыл экономикаға көшу бойынша Қазақстан Республикасының үкіметіне көмек көрсету мақсатында "Қызылорда облысында оазистік суармалауды көрсету" пилоттық бастамасының ресми ашылуы өтті. Жоба Қазақстан Республикасының төрт өңірінде тұрақты модельдерді енгізуді қарастырады.
Қызылорда облысындағы жобаны іске асыру Арал өңірінің ауыл шаруашылығында тиімді су ресурстарын басқару саласында заманауи жасыл технологияларды енгізуді көздейді.
Мысал ретінде Таң ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 шақырым қашықтықта орналасқан "Манақ Баба" шаруа қожалығы тандалды. Ілкімді 9 жасыл технологияны қолдану шаруа қожалығын ферманы толыққанды дамыту үшін қажетті таза сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мысалы, жоба шеңберінде күн сәулелік және жел электрстанциясынан тұратын, күн сәулесін және жел массаларының қозғалысын электр энергиясына түрлендіретін гибритті орнатылым құрылды. Бұдан кейін алынған энергия тұрмыстық тұтынуға және фермерлік қажеттіліктерге пайдаланылады. Сонымен қатар, арнайы сорғыш шаруа қожалығының аумағында орналасқан ұңғымадан суды үлкен көлемді ыдысқа, тәуліктік реттеу бассейніне тартады. Бассейннен су тармақтың көмегімен шаруа қожалығы бойынша су құбырларымен біркелкі үлестіріледі. Осмотикалық құрылғымен қайта тазартылатын су ауыз сумен қамтамасыз ету, малға су беру, сондай-ақ плантацияларды суару үшін пайдаланылады.
Жобаның нәтижесінде шамамен 5 Га сортаңданған жер қалпына келтірілді, соның ішінде 3 Га – бұл алма бағы, ал қалған бөлігі көкөніс дақылдарын өсіруге арналады. Бизнестің осындай түрінің табыстылығы 7% құрайды, бұл кезекте, өтелімділік мерзімі 5 жылды құрайды. Осындай шағын ауыл шаруашылық бизнесті Арал өңірінде жасыл технологияларды пайдаланумен дамыту су және энергия тұтынуға жұмсалатын шығыстарды 29 млн теңгеге дейін әлеуетті үнемдеуді қамтамасыз ете алады. Жобаның арқасында қаражатты үнемдеумен қатар, ауаға шығарылатын СО2 зиянды заттарды әлеуетті төмендету жылына 300 тоннаға дейін жетеді. Жоба Қызылорда облысының Жалағаш ауданының 37 мыңға жуық тұрғындарын жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда, осы жобаның мысалы қазіргі заманғы "жасыл" технологияларды қолданудың артықшылықтарын, сондай-ақ оларды әрі қарай таратуды және кең ауқымда қолдануды көрсетті.
Іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, БҰҰ тұрақты үйлестірушісі / БҰҰ ДБ Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура, Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігі ісінде уақытша сенімді тұлғасы Золтан Салаи және Германияның Қазақстандағы Елшілігі ісіндегі сенімді тұлғасы Джонатан Вайнберг мырзалар қатысты.
"Жаңа технологияларды және тәсілдерді енгізу өнімділікті әртараптандыру мен әлеуетті арттыруға қалай алып келетінін көрсететін көрнекі мысал болып алады. Біз ауылшаруашылық өнімдерін жеткізу дамудың анағұрлым кең мақсаттарына қол жеткізуге көмектесе алатынын көре аламыз" – деді БҰҰ тұрақты үйлестірушісі/БҰҰ ДБ Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура мырза.
"Біз Қазақстанды болашақ дамуда өте маңызды стратегиялық серіктес деп санаймыз және соны мойындаймыз. Өңірлердегі жұмыс біздің стратегиямыздың басты элементі болып табылады. Біздің жоспарымыз – өңірлермен, соның ішінде Қызылорда облысымен әртүрлі даму банктері арқылы жаңа форматта жұмыс істеу. ЕО қаржылық қолдауымен іске асырылған бұл жоба жасыл экономика саласындағы жобаны іске асырудың табысты мысалы болып табылады", – деді Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі ісінде уақытша сенімді тұлғасы Золтан Салаи мырза,.
Анықтама:
Қазақстанда сортаңданған жерлердің жалпы ауданы 111,55 млн гектарды немесе еліміздің барлық аумағының 41%-ын құрайды. Тек Қызылорда облысының өзінде-ақ Арал теңізінің апатынан зардап шеккен 73 307 мың гектар суармалы жер нашар жағдайды тұр. Қолда бар суармалы жерлердің көп бөлігі түбегейлі жақсартуды қажет етеді. Жоғарыда аталған барлық фактор сондай-ақ мал шаруашылығын дамытуға да қатты әсер етеді. Алайда судың немесе оған қолжетімділіктің жетіспеушілігі мал шаруашылығын дамытуға кедергі жасайды. Бұл кезекте, жоғары сапалы ауыл шаруашылық өнімдерінің шығымдылығын арттыру және мал шаруашылығын дамыту өңірдің де, еліміздің де экономикалық тұрақтылығы үшін жақсы негізді қамтамасыз ете алады. Сортаңданған жерлерді ұтымды пайдалану және жарамсыз жерлерді айналымға тарту Қазақстанда егін шаруашылығы мәселелік сұрақтарының бірі болып табылады.