"Атамекен" қолдау орталығы іске қосылған алғашқы аптада 2,3 мыңнан астам азамат кеңес алды

4971

Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыс қамтып отырғандарды қандай құрал көбірек қызықтырады?

"Атамекен" қолдау орталығы іске қосылған алғашқы аптада 2,3 мыңнан астам азамат кеңес алды

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында пилоттық режимде "Атамекен" қолдау орталығы" орталықтары жұмыс істей бастады. Жалпы еліміз бойынша тап осындай 30 орталық ашу көзделіп отыр. оның ішінде Алматыда -12, Шымкентте -10, Нұр-Сұлтанда 8 орталық ашу жоспарда бар. Бүгінгі күні еліміз бойынша 10 мобильді орталық жұмыс істеуде. Елордада - 4, Алматыда - 5 және Шымкентте бір орталық жұмысын бастады.

Жоба іске қосылғаннан бері, яғни "Атамекен" қолдау орталығы" жұмыс істей бастаған бір апта ішінде мобильді орталық кеңесшілері 2300 адамға (Алматыда - 845 адам, Шымкентте -  314 адам, Нұр-Сұлтанда - 1 141 адам) кеңес берген.

Егер бірінші апта бойынша белгілі бір қаладағы нақты жағдай туралы айтатын болсақ, онда Нұр-Сұлтан қаласының 73 тұрғыны "Бизнес Бастау" жобасы бойынша оқуға дайын, 55 жас "Жас Кәсіпкер" жобасының 2-ағымына жолдама алды, қысқа мерзімді курстарда жаңа мамандық алуға 179 адам ниет білдірді, ал жұмысқа орналастыруға 49 адам жіберілді.

Алматыда 18 адам "Бастау" бойынша, ал "Жас Кәсіпкер" жобасы бойынша 18 адам оқитын болады, сондай-ақ 21 адам қысқа мерзімді оқытудан өтеді, 25 адам жұмысқа орналасуға жолдама алды.

Бүгінде Шымкентте "Жас Кәсіпкер" жобасы ең бір жолға қойылған жоба болып отыр, қазірдің өзінде 74 жас 2-ағымда оқуға жолдама алды. Өз ісін ашып, "Бастау" жобасының қатысушысы болуға 49 шымкенттік ниет білдіріп отыр. Ал қысқа мерзімді курстарда кәсібіи білім алуға 9 адам ынталы.

"Атамекен" ҰКП-ның қажетті кадрларға деген сұранысты талдау аясында штатында 5 және одан да көп адам бар 75 жұмыс берушіге сауалнама жүргізді. 2019 жылдың 31 шілдесіндегі мәліметтер бойынша 11 577 кәсіпорыннан сауалнама алынды. Оның ішінде 5 840-ы 13320 бос жұмыс орнына үміткерлерді қарауға дайын.

Әрбір мобильді орталықта жұмысқа орналасу бойынша көмек көрсетіледі. Егер базада лайықты жұмыс орны болмаса, жұмыс іздеушіге жаңа кәсіпті игеру жөнінде ұсыныс жасалады. Клиенттер "Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде курстар кәсіпорындар базасында орналасқан қысқа мерзімді оқу курстарына жазыла алады. Мұндай оқу екі айдан алты айға дейін жалғасады, тыңдаушыларға шәкіртақы және ары қарай жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.  

Мобильді орталықтарда жұмысқа орналасу, кәсіби білім алу, бизнес ашу және жеке өсуге кеңес береді.

Еске салар болсақ "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлесуімен Қазақстанда "Атамекен" қолдау орталығы" жобасы жұмысын бастаған болатын. Сондай-ақ аталған жобаға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері атсалысуда.   

Мобильді жұмыспен қамту орталықтары халық көп жиналатын жерлерде - сауда орталықтары, базарлар және вокзалдарда жұмыс істейді. Келушілердің әрқайсысы жұмысқа орналасу, кәсіптік оқыту және бизнесті бастау туралы ақпарат ала алады. Бір орталықта төрт менеджер мен жеке өсу бойынша кеңесші бір уақытта жұмыс істейді, олар, ең қолайлы мамандықты анықтау үшін тесттер өткізіп, қандай дағдыларды дамыту және жеке даму картасын жасау керектігін айтады.

Қызметкерлер адамдарды қабылдап қана қоймайды, сонымен қатар адамдарға шығады, бос жерлерді аралайды, жұмыспен қамтуды қолдау құралдарын ұсынады.

Бұдан бөлек, орталықтың кеңесшілері өтінім берушілерге "Жас кәсіпкер" жобасына қатысуға көмектеседі. 18-29 жас аралығында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар кәсіпкерлік негіздері курсына жазыла алады. Оқу ұзақтығы – 1 ай. Жоба қорытындысы бойынша қатысушыларға бизнес-жоспар құруға көмектеседі, жеңілдікпен несие алуға қолдау көрсетіліп, ары қарай бизнес жүргізуге сүйемелдеу қарастырылған. "Жас кәсіпкер" жобасы шеңберінде 200 мектеп іске қосылды, соның ішінде 60 мектеп Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы және Шымкент қаласында орналасқан.

Сондай-ақ, орталық көмегіне жүгінген адамдар "Бастау" жобасына қатыса алады. Жас ерекшеліктеріне қарамастан өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыздар бір айы ішінде бизнес жүргізудің негізгі дағдыларын үйренеді,  кәсіп ашып, немесе қолдағы бизнесті кеңейтуге микронесие алуға мүмкіндік алады.

Бұдан бұрын inbusiness.kz "Атамекен" 2019 жылы 300 мың адамды оқтыуды жоспалап отырғанын жазған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу