"Төтенше жағдай режимі: бизнес және мемлекет": Өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметіне қалай кірісті?

6131

Жиһаз жасаушыларға карантин кезінде жұмыс істеу тиімсіз.   

"Төтенше жағдай режимі: бизнес және мемлекет": Өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметіне қалай кірісті?

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында бірқатар бизнес субъектісі үшін карантин кезіндегі шектеулерді алып тастады. Осылайша Нұр-Сұлтан қаласында өнеркәсіптік кәсіпорындар: құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері, көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар, автосалондар, көлікке техникалық қызмет көрсету станциялары, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшек дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу, екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша
қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін; Алматы қаласында өнеркәсіптік кәсіпорындар; құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары; нотариустер алдын ала жазылу бойынша; тек бизнеске қызмет көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталығының бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1) жұмысын жаңғыртты.

Бұл үдеріс жүзеге қалай асып жатыр? Мәселе "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Atamekеn Business телеарнасының тікелей эфирдегі "Төтенше жағдай режимі: бизнес және мемлекет" атты телемарафонында талқыланады. 

Дәріханалар желісі мен медициналық клиника бизнесінің сондай-ақ медициналық құрал-жабдық жеткізу ісін дөңгелетіп отырған  кәсіпкер Аслан Құнияров 20 сәуірден бастап қызметтеріне кіріскендерін мәлімдеді. 

"Бұған дейін қызметкерлеріміздің 70% қашықтан жұмыс істеді. Тап қазір біз теңге бағамының құбылуынан зардап шегіп отырмыз. Көп нәрсені шетелден алып келеміз. Бізге бағаның көтерілуі үлкен мәселе туғызады. Жыл басында тендерлерге қатыстық. Соның есебінен ғана ұттық. Қазір баға тым жоғары. Жыл басында жасалған келісімшарттарға өзгеріс енгізуге, жаңа келісімшарт жасауға мүмкіндік беріле ме, осыны білгім келеді", – деді кәсіпкер. 

Оның мәселесіне Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Жүзенов ортақтасты.
"Төтенше жағдайдың салдарынан кәсіпкерлер түрлі қиындықтармен бетпе-бет келді. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы күн тәртібінде тұрған барлық өзекті мәселелерді сараптап жатыр. Себебі бұл палатаның құзіретінде қарастырылатын мәселе. Отандық өндірушілердің өнімін тұтыну арқылы ұлттық экономикаға оң әсер етуге болады. Бұл кәсіпкерлер үшін де тиімді. Себебі шетелден тауар тасымалдаудың тәуекелі көп", – деді басқармасы басшысының орынбасары.

Медицина саласына қатысты тауарлардың 30% шетелден тасымалданады екен. Себебі кейбір препараттар елімізде өндірілмейтін көрінеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев: "Медициналық емес тауар өндірушілерді алатын болсақ, бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 7 800 түрлі тауардың тізімі түзілген. Мемлекеттік сатып алу кезінде осы тауарларға басымдық беріледі", – деді. 

Жиһаз жасаумен айналысатын кәсіпкер Азамат Жақсыбаев сату мәселесінен қиындық туып жатқанын жеткізді. 

"Біз арнайы тапсырыспен жиһаз жасаймыз. Қазір дүкендеріміз жабық тұр. Сәйкесінше тауар өтпей жатыр. Аумағы 2 мың шаршы метрді құрайтын нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі деген сөзді естігенбіз. Рұқсаттың берілуін күтіп отырмыз. Казір карантинге дейін қабылданған тапсырыстарды орындап жатырмыз. Жеткізу мәселесін қалай шешетінімізді де білмей отырмыз. Тапсырыс берушіге жиғазды жеткізгеннен кеін де жұмыс бар. Жиһаз орнатуға кем дегенде 3-4 сағат уақыт қажет. Осы істі қалай атқарамыз. Бұған да жауап тапқан жоқпыз", – деді Азамат Жақсыбаев.
 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу