"Атамекен" ұлттық палатасының биылғы мүшелік жарналары белгіленді

3395

ҰКП өз тарихында бизнестің 230,2 миллиард теңге қаржысын қорғап қала алды. 

"Атамекен" ұлттық палатасының биылғы мүшелік жарналары белгіленді Фото: inbusiness.kz

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2023 жылғы міндетті мүшелік жарналарын айқындады. 

Қолданыстағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" заңының 29-бабының бірінші бөлімінде: "Съезд бекітетін міндетті мүшелік жарналардың мөлшерін ұлттық палата жыл сайын 1 шілдеге дейінгі мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда жариялайды" деп жазылған. 

Осыған сәйкес, "Атамекен" ұлттық палатасы жылғы Съезде келесі шешімдер қабылданғанын еске салады: заңның 29-бабының 2-бөлімінің 2), 3) тармақшаларында көрсетілген, тиісінше, 60 мың АЕК-тен артық, бірақ 1,5 миллион АЕК-тен аспайтын жылдық жиынтық кірісі бар кәсiпкерлiк субъектiлерi мен 1,5 миллион АЕК-тен асатын жылдық жиынтық кірісі бар кәсiпкерлiк субъектiлерi топтарының ішінде сатылау-градация бекітілді. 

Тиісінше, ұлттық палатаға төленетін міндетті мүшелік жарналардың келесі сараланған мөлшерлері бекітілді.  

 

Бұл жерде жеңілдік қарастырылған: міндетті мүшелік жарна төлеуден "ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген (яғни, градацияланатын) кәсіпкерлік субъектілер тобы:

  • 50% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысына;
  • 25% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысына ұсынылады.

Есепті кезеңде қызметкерлерінің жалпы санында мүгедектер үлесі 51 пайыздан асатын ұйымдар міндетті мүшелік жарналарды төлеуден 100% мөлшерінде, яғни толық босатылады. 

Кәсіпкерлік субъектілері ұлттық палата ұсынған есеп шоты негізінде ағымдағы жылғы 25 мамырдан, 25 тамыздан, 25 қарашадан кешіктірмей міндетті мүшелік жарналарды тең үлестермен бөліп төлейді.

Шағын бизнес палатаға жарна төлеуге міндетті ме?

"Былтырғы 2022 жылғы ақпанда өткен "Атамекен" палатасының кезектен тыс съезінде делегаттар басым дауыспен шағын және микробизнесті палатаға міндетті мүшелік жарна төлеуден босату туралы шешім қабылдады. Сонда ҰКП туралы заңға осыны қарастыратын жаңа норма енгізіледі деп хабарланған, бірақ Парламент әзірге ондай заңнамалық түзетулерді қабылдаған жоқ. Дегенмен, биыл жеке кәсіпкерлер, шағын ЖШС, микрокәсіпкерлік нысандары ешқандай жарна төлемейді", – деді кәсіпкер, есеп ісінің маманы Раушан Халикова.

Оның айтуынша, бұл шағын және микробизнесті "Атамекен" қорғамайды деген сөз емес. Қорғауға тиіс. Бизнестің бұл санаттары да ұлттық палатаның мүшесі саналады, тиісінше одан көмек, қолдау сұрап жүгінуге толық құқылы. 

Жалпы, түрлі жеңілдіктер ұсыну негізінде былтыр палатаға жарна төлеушілер қатарының 4 есе азайғаны мәлім болды. Жарна төлеушілер саны бұрынғы 29 мыңнан 7 мың субъектіге дейін кеміген. Бұрын шағын бизнестен жарналардың жалпы сомасының 17%-ына жуығы немесе 1,2 миллиард теңге түсіп тұрған. 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жылғы 9 қыркүйекте Үкіметтің және "Атамекен" одағы" қазақстандық үкіметтік емес ұйымының бірлескен шешімімен құрылған. 2015 жылғы 27 наурызда кезектен тыс ІІ съезінің шешімімен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып ресми қайта тіркелді.

Ұлттық палатаның дерегінше, содан бері "Атамекен" бизнесті қорғай отырып, олардың 230,2 миллиард теңгесін сақтап қалыпты. 

ҰКП-ның сарапшылары 34,3 мың сараптамалық қорытынды дайындады. Кәсіпкерлер "Атамекенге" 17,9 мың өтініш жолдады. 

Бүгінде палатаға 200 салалық қауымдастық тіркелген. 
ҰКП отандық 1,4 млн кәсіпкерді біріктіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу