"Ауыл шаруашылығы саласында әйелдердің еңбекақысы төмен"

3512

Бүгінгі күні ауыл халқының саны 7,8 млн. Оның ішінде 50% - ы (3,9 млн адам) әйел. Осы әйелдердің 1,8 млн-ы жұмыс істейді, 96,5 мыңы жұмыссыз, ал 47,5 мыңы ешқашан жұмыс істемеген.  

"Ауыл шаруашылығы саласында әйелдердің еңбекақысы төмен"

Бұл сандарды Ауыл шаруашылығы министрлігі стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры С. С. Молдабаева "Қазақстанның ауыл әйелдері" форумы барысында айтты.

"Ауыл шаруашылығы саласында еңбекақы төлеуде гендерлік теңсіздік бар, басшылықта да әйелдер саны аз. Әйелдер мен ерлердің іс-әрекеттері туралы стереотиптер сақталған", - дейді Молдабекова.

Алайда, оның айтуынша, агробизнеске цифрлық технологиялар енгізіліп, кемшіліктің орыны толып келеді.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыспен қамту және халықтың табысын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырма шеңберінде әйелдердің ауыл шаруашылығы өндірісіне белсенді қатысуы үшін шаралар қабылдап жатыр. Былтыр агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы және АӨК дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасы қабылданды. Негізгі міндет: ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру; отандық өндірістің азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша елдің өзін-өзі қамтамасыз етуіне қол жеткізу; АӨК өнімдерінің экспортын онда өңделген өнімнің үлесін 70% - ға дейін жеткізе отырып, 2 есеге ұлғайту; жеті ірі экожүйені қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыру", - дейді АШМ өкілі.

Айтуына қарағанда, ұлттық жоба аясында әйелдерге назар аударылған. Сүт-тауар фермаларында, құс фабрикаларында, ет және сүт өңдеу кәсіпорындарында еңбек етеді. Мысалы, қазіргі уақытта республикада 65-ке жуық құс фабрикасы жұмыс істейді, оларда 30 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді, олардың 80% - дан астамы әйелдер.

Бұдан басқа, 7 экожүйені құру шеңберінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша 255 млрд теңге сомасына 281 жоба пайдалануға берілді.

"Бұл – майлы және дәнді дақылдарды өңдеуді дамыту, жемістер мен көкөністерді өндіру және қайта өңдеу, қант өндіру, құс шаруашылығын дамыту, ет өңдеу және сүт-тауар фермаларын салу жөніндегі жаңа инвестициялық жобалар. Бұл жобалар алдағы бес жылда 100 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындарын және 400 мың маусымдық жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, олардың 60% - дан астамын ауыл әйелдері алады", - дейді Молдабекова.

Ауыл тұрғындары АӨК-дегі бизнес-жобаларды іске асыруға кредиттер, микрокредиттер ала алады, оның ішінде әйелдер де бар. Тек өткен жылы берілген барлық несиелердің 36% әйелдер алды. Ал бұл 11,9 млрд теңге сомасына 3093 кредит.

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында кәсіпкер ауыл әйелдерін қаржылай және қаржылай емес қолдау құралдарымен қамтуды ұлғайту мақсатында 2021 жылы білім алғандардың 17 669 – ы-әйелдер немесе 53% - ы.

Осылайша АШМ өкілі қойылған міндеттерді шешуде әйелдердің үлесі зор болмақ екенін айтады. 

Жасын Қалибек​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу