Азаматтарды тіркеу: жаңа ереже

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
5962

7 қаңтардан бастап азаматтар тұратын жерінде тіркеуге тұрмаған болса, айыппұл төлейді.

Азаматтарды тіркеу: жаңа ереже Фото: liter.kz

Бұл ереженің тіркеуге тұрмаған тұрғындарға ғана емес, сонымен бірге үйін жалға беріп, пәтерін жалға алып отырғандарды есепке қоймаған пәтер иесіне де қатысы бар. Бұл жаңа ереженің қайдан шыққанын және не үшін керек екендігіне түсініктеме береміз.

Қандай ереже жаңадан шықты және бұл неге дәл қазір қажет болды?

Жалпы азаматтарды тұратын жері бойынша тіркеу және Қазақстанда уақытша тұру талабы жаңадан шыққан ереже емес. Бұған дейін де айыппұл болған. Тұратын жеріне (тұрақты немесе уақытша) үш айдан астам уақыт тіркелмеген жағдайда "Әкімшілік құқық бұзу туралы" кодекстің 492-бабымен 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынатын.

2016 жылдың соңында, яғни 22 желтоқсан күні президент қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы негізінде тұратын жері бойынша тіркеуге тұру талабы күшейді. Тіркеуге тұру мерзімі үш айдан бір айға қысқарды, ал айыппұл мөлшері 7 АЕК-ке дейін өсті. Сонымен пәтерді жалға беретін пәтер иелері үшін жаңа міндет пайда болды. Енді пәтерді жалға беретіндер өз тұрғындарын уақытша есепке тұрғызуы керек, әйтпесе олар 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Бұл кімге және неге керек?

ҰҚК және ІІМ өкілдері заңға енгізілген түзетуді талқылау барысында бұл терроризммен күрес шараларының жалғасы екенін түсіндірді. Өйткені Ақтөбеде лаңкестік жасағандар өз жиындарын жалдамалы пәтерде өткізген. Осы талаптың нәтижесінде пәтер иелері бұдан былай пәтерін жалға бергенде мұқият болады. Ал полиция ішкі көші-қонға толық бақылау жасай алады.

Сонымен бірге бұл бір үйде құжынап тұрып жатқан адамдардың мәселесін де шешуі мүмкін. Жергілікті атқарушы орган бір адамға тиесілі шаршы метрдің санитарлық нормасын анықтайды. Осыған орай бір тұрғын ауданға тіркелетіндер саны қысқарады. ІІМ Алматы қаласын мысалға келтірді, ол жерде бір адамға 15 шаршы метр бөлінген. Яғни орташа 30 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерге екі адамнан артық тіркеле алмайды.

Тіркеуге қалай тұруға болады?

Министрліктің мәлімдеуінше, тіркеуге тұру рәсімі өте оңай. Бір күнде тіркеуге тұруға болады. Ал ХҚО-да электронды үкімет порталы арқылы онлайн тәртіпте тіркелуге болады. Тіркеуге тұру үшін пәтер иесінің келісімі, жеке куәлігі, тіркелетін адамның жеке куәлігі және 226,9 теңге мемлекеттік баж төлегендігі туралы түбіртек керек. Электронды үкімет порталы арқылы тіркелу үшін тағы электронды сандық қолтаңба қою керек. Оны ХҚО-дан алуға болады.

Қашан тіркелу керек?

ІІМ хабарлауынша тіркеуге дәл қазір тұру керек. Ресми жасалған баспасөз хабарламасында тіркеуге тұрмағандарға айыппұл 2017 жылдың 7 қаңтарынан салына бастайтыны айтылған. Бірақ олар тексеру механизмі мен тәртіп бұзушыларды анықтау қалай жүргізілетінін айтқан жоқ. Сондай-ақ екі күн ішінде тіркеуге тұратын азаматтар саны да қаншама.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу