Бейжің Олимпиадасынан береке күтеміз

1814

Қазақстан 4 күннен кейін Бейжің қысқы Олимпиада ойындарына қатысады. Бұл жолы біз бағындыратын белес қандай?

Бейжің Олимпиадасынан береке күтеміз

Ең алғаш Қазақстан құрамасы Лиллехамер Олимпиадасына қатысты. 1994 жылы өткен Ақ Олипиадаға ел намысын қорғауға 29 спортшы аттанды. Сол жылы Владимир Смирнов алтын медаль еншілеп, ел абыройын асқақтатып тастады. Оған қоса Смиронов еншілеген 2 күміс медальді қосыңыз. 3 сапалы медальдің арқасында Қазақстан жалпы командалық есепте 12 орын иемденді. Смирнов 50 шақырым классикалық жүрісте алтын медаль еншіледі. Сосын, 10 шақырымдық классикалық әдісте күміс медаль жеңді. Ал 15 шақырымды еркін әдіспен жүру жарысында ол бірінші орыннан сәл ғана қалып кетті. Десе де, жалғыз өзі күллі Қазақстанның мерейін үстем етті. Атақты шаңғышымыз қазір Швеция мен Норвегия елдерінде қызмет істеп, сол жаққа қоныс аударды. Сол Смирновтың ерлігін қайталайтын спортшы елімізде әлі де жоқ.
1998 жылы Жапонияның Нагано қаласында өткен Олимпиадаға Қазақстан атынан 60 спортшы қатысты. Мұнда да Владимир Смирнов қоржынымызға бір медаль салып берді. Ол өзінің сүйікті 15 шақырымдық еркін әдіс жарысында қола жүлдегер атанды. Ал екінші қоланы конькимен жүгіруші Людмила Прокашева алды. Павлодар облысының тумасы 5000 метр қашықтықта үшінші келді. 2 қола медаль еншілеген Қазақстан жалпыкомандалық бейресми есепті 20 болды.
Қазақстан қысқы спорты осыдан кейін құлдырауға ұшырады. Ол түсінікті еді. Себебі, Смирнов, Пркашевалар Кеңес үкіметі кезінде спортпен айналысқан, жақсы мектеп көрген адамдар болады. Одан кейін Тәуелсіз Қазақстанның жаңа чемпиондар тәрбиелеу меселесі жолға қойлмай, мәселе әлі күнге дейін актуалдылығын жоғалтпай тұр. 2002 жылы Солт-Лейк-Сити қаласында өткен қысқы ойындарда Қазақстан мүлде медаль алмады. АҚШ жерінде өткен Олимпиадаға еліміздің атынан 50 спортшы аттанған болатын. 2006 жылы Турин Олимпиадасы да сәтсіздігімен есте қалды. Көк туымызды желбіретіп кеткен 56 спортшымыздың ешқайсысы жеңімпаздар тұғырына көтеріле алмады. Тек хоккейден Қазақстан құрамасының өнері ғана көңілімізге медеу болды.
2010 жылы төртжылдықтың қысқы ойыны Канаданың Ванкувер қаласында өтті. Екі Олимпиада қатарынан медальсыз қайтқан Қазақстанның қоржыны бұл жолы бос қайтпады. Биатлоншы қыз Елена Хрусталева жекелей сында 2 орын иемденіп, күміспен күптелді. 39 спортшының ішінде Қазақстан намысын абыроймен қорғаған Алексей Полтаранинді де айта кетуіміз керек. Ол спринтте 5 орынға жайғасты. Сосын, шаңғышы жігіттер командасы да 5 орын иемденіп, жүлдеге жақын болған. 2014 жылы Сочиде өткен додада Қазақстан намысын қорғаған Денис Тен шешуші сәтте керемет өнер көрсетіп, қоржынымызға қола медаль салып берді. Осы жалғыз медальды қанағат тұттық. 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында тура осылай бір ғана қола медальмен қайттық. Оны фристайлшы қыз Юлия Галышева иемденді. Ал шорт-тректегі жігіттер құрамасы финалдық кезеңде 6 орынға жайғасып, медальға бірнеше секунд қана жетпей қалды.
Қытай астанасында өтетін Олимпиада ойындарына осы жолы Қазақстан атынан 34 спортшы аттанды. 1994 жылдан бері 18 жыл бойы алтын медаль жеңбеген Қазақстан құрамасының бәлкім осы жолы қанжығасы майланар?
Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу