Бензин бағасы: Мемлекет қандай шара қабылдайды

3650

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің соңғы кеңейтілген отырысында бензин тақырыбы туралы тағы да сөз қозғалды. Жыл басынан бері бензин бағасы 13% өскенімен, қазір де оны бүкіл елге жеткілікті деп айтуға келмейді.  

Бензин бағасы: Мемлекет қандай шара қабылдайды

Мемлекет басшысы өз аузымен айтқандай, елдің оңтүстіктегі өңірлерінде жанар-жағармай материалдары тек талонмен беріліп жатыр. Өкінішті-ақ, мұнай өндіретін елдің ахуалы осындай! Оның үстіне жылда күз келген сайын осы көріністің қайталана беретіні тағы бар, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ratel.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бұл ахуалды тыйым салумен немесе квотамен түзеу мүмкін емес. Салалық ойыншылар мен тұтынушылардың арасындағы қарым-қатынасты шенеунік емес, нарықтың өзі реттеуі тиіс. Бүгін де табиғатты пайдаланушылардың бір бөлігі отандық мұнай-өңдеу зауыттарына мұнай жеткізу бойынша жазылған міндеттемелері бар келісімшартқа қол қойған. Энергетика министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, өңдейтін зауыттарға олар өз өндірісінің 70% жеткізуі керек. Қалған 30% экспортқа жөнелтіледі.

Оның үстіне мұнайды өңдеуге жеткізетін негізгі тасымалдаушылар ескі кен орындарын қазып жатыр. Яғни олардың өнімділігі жыл сайын азайып бара жатқанын ескеру керек. Сондай-ақ, міндеттемелерін орындау үшін мұнай өңдейтін компанияларға экспортты азайтуына тура келеді. Ал бұл жағдай айналып келгенде жобалардың экономикасына кері әсер етеді.

Экспорттан түсетін табыс мұнайшылардың ішкі нарықтағы шығынын жаба алмайды. Қазақстандық МӨЗ-дерге мұнайды жеткізу кезіндегі жеңілдік экспорттық баламадан қарағанда тоннасына 135 долларды құрайды. Әлемдік шикізат нарығында кейінгі аптада мұнай бағасының өсуі бұл айырмашылықты одан ары ұлғайтуда. Ақырында, мұнайды ішкі нарыққа жеткізуден табиғат пайдаланушы экономикалық тиімділікке қол жеткізе алмай қалуы мүмкін.

Өңдеуге жеткізілетін мұнайды тасымалдау кезінде дисконтты азайту есебінен туындаған ахуалды түзеуге болады. Әйтсе де бұл жағдай автоматты түрде бензин мен дизельдік отынның бөлшектік саудасында бағаны өсіп шыға келуіне әкеп тірейді. Ал әлеуметтік тұрақтылықты сақтауды көздейдін Үкімет бұған бара алмайтыны анық.

Жанар-жағармай материалдарының төмен бағасы де-факто табиғат пайдаланушылармен субсидиялана береді. Сол себепті мұнай өңдейтін сектор жаңа кен орындарын барлап, ескі кен орындарының өнімін ұлғайту бойынша жаңа жобаларды дамыта алмай қалуы ықтимал.

МӨЗ-дердің де шекесі қызып тұрған жоқ. FinReview агенттігінің аналитиктері жасаған бағалауға қарасақ, өндірістік қуаттылықты арттыруға бағытталған айналым қаражаттың 40% банк пен банктік емес сектордың қарызынан тұрады. Сөзсіз, кәсіпорындардың осылайша несиеге батуы нарықты кез келген ішкі немесе сыртқы факторлардың алдында қауқарсыз қылып, бензиннің өзіндік құндылығына да әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда Қазақстан несиелік қысымның автокөлік отынының өзіндік құнына ықпалын азайтуы керек. Мұндай нәтижеге инвестициялық қаражатты тарту есебінен қол жеткізуге болады. Ал бұл қадам отандық МӨЗ-дерге капиталын арттырып қана қоймай, сыртқы нарықта отынды өткізу географиясы кеңейту арқылы өндірісті арттыруға мүмкіндік берер еді.

Осы жылдың көктемінде ETS тауарлы биржасының алаңында бензинді сату бойынша алғашқы сатылым болып өтті. Нәтижесінде бензиннің алғашқы бағалық индикаторы қалыптасты. Сатылым аптасында отынның бағасы 39% өсті: старттық баға тоннасына 169 мың теңгеден басталып, 234,9 мың теңгеге жетті. Яғни литрі 125 теңгеден 174 теңгеге қымбаттаған. 12 сәуірде өткен соңғы сатылым сессиясында АИ-92 маркалы бензиннің литрі 155 теңгеден 174 теңгеге өсті. Бастапқы кезеңде биржа арқылы елде өндірілгген бензиннің 10% сатылады. Ал алдағы уақытта оның көлемі 15%-20% өседі. Тек сұраныс пен ұсыныс үйлесімі ғана жанар-жағармай бағасының нақты әрі әділетті бағасы қанша болуы керектігін көрсетеді.

Осылайша, мұнай өндірісінің экономикасы мен МӨЗ-дерде өңдеу қарқынын сақтау үшін Қазақстан ішкі нарықта бензиннің бағасын не арттыруы керек, мемлекет мұнай өңдейтін компаниялардың ішкі нарыққа мұнайды жеткізу кезінде шығынын жаба алатын бәсеңдету механизмін ойлап табуы тиіс. Басқа жол көрінбей тұр.


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз !  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу