Ауылды жерлерде "тәуелсіз мейірбике" практикасы енгізлуі мүмкін,– деп хабарлайды Inbusiness.kz. Үкіметтің отрысында бастапқы медициналық санитарлық көмектің сапасы туралы баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрі осындай мәлімет айтты. Саладағы проблемаларды жіпке тізген ведомство басшысы, олқылықтардың орнын толтыру үшін миллиардтаған қаражат керек екенін де еске салды. Оның айтуынша, алдағы бес жылда тек бастапқы медициналық көмек сапасын жетілдіруге ғана 87 млрд теңгеден астам қаражат жұмсау жоспарланған.
"Қолға алынып жатқан шараларға қарамастан, бастапқы медициналық санитарлық көмектің сапасы төмен әлі де. Коммункация әлсіз, мамандарға кезек көп. Медициналық қызметтің көлемі жеткіліксіз, жоғары технологияға негізделген қызметтердің бағасын халықтың қалтасы көтермейд. Сирек мамандардың тапшылығы бар. Халқының саны 300-ден аз ауылдарда дәріхана жоқ",– дейді министр.
Министр бұл жүйеде де қаржыландыру жан басына шағып бөлінетінін ескертіп, оның өзін жетілдіру керек дегенді айтты.
"Салада цифрландыру толық біткен жоқ. Бүгінде медициналық ұйымдардың интернетпен қамтылуы 84,2 пайыз көлемінде ғана. Бұл орташа аудандық деңгейден де төмен. Медицналық ақпарат жүйесін интеграциялау әлі жалғасуда. Бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарына тиесілі ғимаратардың 55 пайыз ескірген. Өңірлер бойынша айтсақ, Ақмола облысында – 79,СҚО-да – 75, ШҚО-да – 71, БҚО-да – 69, Атырау облысында – 65, Қызылорда облысында – 59 пайыз", – деді Алексей Цой.
Министр жергілікті әкімдіктердің жас мамандарды қолдауға қырын қарап, жоспарланған құрылыстарды тым баяу іске асыратынын сынға алды. Мысалы, 2020 жылы респблика бойынша 197 амбулаторлық емхана салу жоспарланған екен. Соның тек 63-і ғана салыныпты. Алматы облысында 75 нысан, Түркістан облысында 15, Қарағанды облысында 10, Ақтөбе облысында 8, Қызылорда облысында 9 нысан салынбай қалған.
"БМСК нысандары 1,5 млн астам медициналық техникамен жабдықталған. Оның 49 пайызы тозған. Әсіресе, СҚО-да, Қостанай, Ақмола, Шымкент, Ақтөбеде техниканың тозуы жоғары. 2020 жылы 1683 жұмысқа орналасқан түлектің тек 25 пайызы әлеуметтік қолдау көрген. Ауылдағылардың 37 пайызы ғана. Жергілікті әкімдіктер мамандарды әлеуметтік қолдауға дұрыс көңіл бөлмейді", – деді ведомство басшысы.
Министрлік шағын ауылдарды медициналық қызметпен қамту үшін "тәуелсіз мейірбике" қызметін іске қоспақшы.
"Бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарының жұмысын жетілдіру үшін денсаулық сақтау нысандарының нормативін қайта қарадық. Сол бойынша тұрғыны 50 адамнан аспайтын елдімекендерді жұмыс орынсыз медицина қызметкерімен қамтамасыз етіледі. Тұрғын саны 300-ге дейінгі елдімекендерде фельдшерлік-акушерлік бекеттер ашу міндетті болады. 2020-2025 жылдарға арналған "Денсаулық сақтау" және "Ауыл– ел бесігі" бағдарламаларының аясында 487 бастапқы медициналық санитарлық көмек нысанын салып, 270 қосымша жұмыс орнын ашу көзделген. Бұл мақсаттарға 87,7 млрд теңге қарастырылған", – дейді Алексей Цой.
Осы бағдарламалардың аясында биылдың өзінде 211 нысанның құрылысы, соның ішінде, 83 медициналық пунктің, 70 фельдшерлік-акушерлік пунктің, 57 дәрігерлік амбулаторияның, 1 емхананың құрылысы жоспарланған көрінеді.
"2025 жылға дейін 600-ден астам БМСК нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Оның 584-і ауылдарда орналасқан", – деп түйіндеді министр.
Премьер-Министр Асқар Мамин аталған шаралардың бәрін іске асыру үшін өңірлер белсенді болуы керектігін айтты. Оларға бір айдың ішінде жол картасын әзірлеп, әр шараның қай жылда және қай елдімекенде қолға алынатынын нақты жоспарлау жүктелді.
"Өңірлердің әкімдері бір ай мерзімде денсаулық сақтау нысандарының инфрақұрылымын дамытудың, бастапқы денсаулық сақтау нысандарын салу мен жарақтандырудың жол картасын әзірлеп, жылдар бойынша және елдімекендер бойынша нақты бөлсін. Әкімдіктер Денсаулық сақтау және Цирфландыру министрліктерімен бірлесіп жыл соңына дейін барлық ауылдың медициналық ұйымдарын интернетпен қамтамасыз етіп, ақпараттық жүйелерге қоссын.
Әкімдіктер Денсаулық сақтау министрлігімен бірге өңірлерде жаңа учаскелер ашу, жеке секторды дамыту арқылы алғашқы медициналық көмек дәрігерлерінің жүктемелерін азайтсын. Жас мамандарды, әсіресе, ауылға келген медицина қызметкерлерін материалдық ынталандыру бойынша шаралар қабылдауы керек", –деді Үкімет басшысы.
Аталған шаралардың дұрыс орындалу вице-Премьер Ералы Тоғжанова жүктелді.
Есжан Ботақара
Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз !