Бизнесті салдарсыз тексерулер күтуде

1514

"Атамекен" КҰП және салалық мемлекеттік органдар кәсіпкерлердің жұмысын мемлекеттік бақылау жүйесінің ауқымын оңтайландыруды көздеп отыр.   

Бизнесті салдарсыз тексерулер күтуде

"Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы (КҰП) ұлттық экономика министрлігімен, бас прокуратура және басқа да өкілетті органдармен бірлесе отырып мемлекеттік бақылау жүйесін оңтайландырмақ. Бұл туралы бүгін, 2 қараша күні,  "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі Рустам Жүрсінов Қазақстан корпоративтік заңгерлердің XII форумындағы баяндамасында тоқталып кетті. 

"Мемлекеттік органдардың тексерісі мен мемлекеттік бақылау жүйесіне өзгеріс енгізу қажет. Қазіргі уақытта кәсіпкерлерді 61мемлекеттік органның тексеруге құқы бар, олардың 544 бақылау функциясы бар және кәсіпкерлерге 28 мыңнан астам талап қояды", – деп ол бизнесті мемлекеттік бақылаудың ауқымына тоқталып өтті. 

Рустам Жүрсіновтың айтуынша, аталмыш жағдайды ретке келтіру үшін тексеру жүйесін өзгерткен жөн

"Олардың тексеруге деген көзқарастарын түбегейлі өзегерту керек. Тексеріс деген жазалаушы сипатта болмауға тиіс. Тексеріс, ең бірінші, профилактикалық бағытта жасалу керек. Тексеру нәтижесі бойынша, бақылаушы кәсіпкерді жауапқа тарта алмайды, ол анықталған заң бұзушылықтарды жоюға қатысты ұсыныс беруге міндетті. Аталған заң бұзушылық жойылмаған жағдайда ғана кәсіпкерді жазалауға болады", – деді КҰП өкілі.

Сондай-ақ ұлттық палата қайталанатын және тиімсіз тексерістерді алып тастауды көздеп отыр. Қазіргі уақытта мұндай тексеріс түрі 114 бақылау саласынан 26-23 сала, 18 қадағалау саласынан 3 сала деп есептеліп отыр деп нақтылады Рустам Жүрсінов. Сонымен қатар қайталанатын және мемлекеттік органдардың тәуекелді міндеттімен байланысты емес, қазіргі 544 міндеттің 165-ын алып тастау ұсынылып отыр.

Мемлекеттік органдардың бақылау міндеттерінің қайталанатыны ішкі бақылау комитеті, есеп комитеті, Ұлттық банк және қаржылық бақылау комитеті арасында бар екені тексеріс кезінде белгілі болды.

 Сонымен қатар мемлекеттік органдардың талаптарының өзі қысқартылатын болады. 25 саланың (20%) бесеуін тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібіне ауыстыру жоспарлануда. Бұдан бөлек жергілікті атқарушы органдардың төрт бақылау қызметі министрліктерге беріледі.

Рустам Жүрсіновтің сөзінше, қазіргі уақытта жоғарыда сипатталған жұмыстар жалғасуда және ұлттық экономика министрлігі мен Бас прокуратураның бақылауында. 30-дан астам заң мен Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған түзетулер дайын.

Жүргізілген жұмыстың тағы бір маңызды қыры – мемлекеттік міндеттерді өзін-өзі реттеуші ұйымдар мен бәсекелестік ортаға беру.

"2016 жылы "Өзін-өзі реттеу туралы" заң қабылданып, мемлекеттік міндеттерді өзін-өзі реттеуші ұйымдар мен басәкелестік ортаға берудің негізгі тәсілдері мақұлданды. Бір жарым жыл ішінде КҰП алаңында жұмыс тобының 150-ден астам отырысы ұйымдастырылды. Тексеру қорытындысы бойынша 15 мыңнан астам міндет анықталды. Оның 500-ге жуығын өзін-өзі реттеуші ұйымдар мен басәкелестік ортаға беру ұсынылды", – деп мәлімдеді палата өкілі.

КҰП басқармасының мүшесі түсіндіргендей, бағалау қызметін реттеу, экологиялық аудиторлар қызметі, сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі (азаматтардың медициналық қызмет сапасына қанағаттануын бағалау) міндеттері кірді. Бүгінде аудиторлық қызметті өзін-өзі реттеуші ұйымдар мен бәсекелестік ортаға беру талқыланып, әзірленіп жатыр.

"Осы жылы өзін-өзі реттеу енгізілетін әлеуетті 11 сала анықталды. Бұл салалардағы мемлекеттік қызметтердің саны – 55. Өзін-өзі реттеуші институт лицензиялауды, сәйкесінше мемлекеттік бақылауды алып тастағанның өзінде, бизнес үшін айтарлықтай басымдықтарға ие деп есептейміз", – деді Рустам Жүрсінов.

Сондай-ақ салықтық әкімшілендіру де түбегейлі қайта қаралмақ. КҰП адал кәсіпкерлерді жазалау сипатынан әріптестік қарым-қатынастарға көшуді ұсынды. Тек адал емес салық төлеушілер (қауіптілігі жоғары) ғана тексерілетін болады.

Сонымен қатар салықтық тексерістің артықшылығы есебінде шағын және орта кәсіпкерлерді тексерді аудиторлық ұйымдарға беру ұсынылып отыр. Осыдан барып, салықтық тексерістерді жүргізуге негіздеме саны 37,5%-ға, яғни 32-ден 14-ке қысқарады.

Басқа өзгертулер  арасында салық заңнамасы бар, Рустам Жүрсінов салық төлеушілердің жасаған келісімдерін алдына ала салықтың бақылау, электронды аудит енгізілгенін, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесі критерийлерінің ашылуы салық төлеушіге өз бейні тәуекелін басқаруға және артық салықтық бақылаудан құтылуға мүмкіндік беретінін айтты.

"Кәсіпкерлер үшін артықшылық – ҚҚС оңайлатылған қайтарымы, салықтық тексерістің қысқаруы, салықтың несие құқы және олардың төлеу мерзімін ұзарту", – деп түйіндеді спикер.

Гүлназ Ермағанбетова, Элина Гринштейн

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу