COVID-19: тегін екпемен халықтың 15 пайызы қамтылуы керек

8898

Үкімет коронавиурсқа қарсы тегін екпемен қамтылатындардың санын көбейту үшін қосымша қаржы көзін іздеп жатыр.

COVID-19: тегін екпемен халықтың 15 пайызы қамтылуы керек

"Әуел баста 2 млн доза керек деген едік. Қазір бұл сұрақ қосымша пысықталып жатыр. Халықтың 15 пайызын ақысыз екпемен қамтамасыз ету мәселесі қаралуда. Бұл – шамамен 3,6 млн адам деген сөз. Қазір осы мәселе жіті қаралуда.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы, Үкіметіміздің бағалауы бойынша ақысыз екпемен қамтылатындардың пайызын көбейтуге қажет қосымша қаржы көздері іздестіріліп жатыр", – дейді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков. 

Ал "СҚ Фармация"  ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев жекеменшік корпорацялар өз қызметкерлерін бюджеттің көмегінсіз екпемен қамтуы керек дегенді айтты.

"Екпеге ел арасында сұраныс қалай болатынын түсініп алу керек болып тұр. Халық медициналық ұйымдар арқылы екпе алса, кейбір жекеменшік компаниялар орталықтың қатысуынсыз ұйымдастыруда. Болжам бойынша 2,4 млн сұраныс бар деп бағаланған болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы және бар. Бұл жұмыс жүргізіліп жатыр. Бәрі медициналық ұйымдарға бөлінетін бюджетке байланысты. Мәселе Үкіметтің қанша қаражат бөлетініне тіреліп тұр. Сонымен бірге біз жекеменшік корпорациялардың бюджеттен тыс қоры есебінен вакциналау мүмкіндігін де назарда ұстап отырмыз. Олар үшін де вакцина нақты бекітілген кезде қажетті көлемді уақытылы брондалып тұруға тиіс", – деді Ерхат Есқалиев.

Есжан Ботақара


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу