Елімізде салық кеңесшілері қызмет ететін болады

2953

Қаржы министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес былтырғы жылдың жұмысын қорытындылап, алдағы уақытта істелетін жұмыстың жоспарын белгіледі.

Елімізде салық кеңесшілері қызмет ететін болады

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша еліміздің қаржы министрлігі өзінің стратегиялық жоспарындағы 27 мақсатты индикатордың 19-ын іске асырған. 23 маусым күні қоғамдық кеңес алдында есеп берген қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, ведомство жұмысының жалпы қорытындысы осындай.

Мұнай бағасы мақсаттан тайдырды

Қаржы министрінің айтуынша, 2016 жылы "ведомствоның стратегиялық жоспары екі негізгі бағыт – мемлекеттік қаржы тұрақтылығына көмектесу және әкімшілдендіру жүйесін жаңғыртуға" бағытталған.

Министр әрбір бағыт екі мақсаттан тұрғанын және олар 27 мақсатты индикаторға біріктіріліп, соның ішінде мақсатқа жеткені тек 19 ғана екеніне тоқталып өтті.  

"Ауыз толтырып айтатын нәтижеміз – бұл кедендік тексеру уақытының қысқаруы. Бүгінгі күні ол үш сағаттан аспайды. Электронды түрде ұсынылған салықтық есептілік үлесі 95%. Электронды сатып алулар жүйесінің жұмысына риза болған қолданушылар үлесі 72,1% болды, ал жоспарланғаны 70% болатын. Doing Business индикаторы бойынша төлем қабілетсіздігі жоспарланған 54-тің орнына, 37-орынға көтерілдік", – деп қаржы министрі өзіне сеніп тапсырылған ведомствоның жұмысын санамалап шықты.

Шыны керек, ол кемшіліктерге баса назар аударған жоқ.

"Сегіз индикатор бойынша мақсатты параметрлерге қол жеткізілмеді. Оған әр түрлі себеп болды, оның ішінде нақты себептер де бар. Атап айтқанда, ол экспорттық тауарлар бағасының құлдырауына байланысты дербес несиелік рейтингтің төмендеуі. Бұл жерде біз қанша болжағанмен, мәселені шешу біздің қолымызда болмады", – деп түсіндірді министр.

Қаржы министрі өз сөзінде мемлекеттік сатып алу нарығындағы бәсекелестікті арттыруға  да тоқталды.

"Қатысушылардың орташа саны үш есе артты. Шартты үнемдеу үш есе өсіп, 52 млрд теңгеден 127 млрд теңгеге дейін жетті. Мемлекеттік сатып алулардағы жаңа тәсілдердің бірігуі арқасында мемлекеттік тексерудің жаңа жүйесі, министрліктің жалпы бақылау функциясы қолға алынды", – деп атап көрсетті Бақыт Сұлтанов.

Былтырғы жылы мемлекеттік сатып алулар толықтай камералдық бақылауға алынды. Төрт трлн теңгенің 226 мың рәсімдеуі қарастырылып, соның арқасында "640 млрд теңгенің заң бұзушылығына дер кезінде тосқауыл қойылды".

2016 жылы қаржы министрлігі 1,7 трлн теңге болатын 22 бюджеттік бағдарламаға әкімшілік етті, деді ведомства басшысы. Бұл бюджет 93,8%-ға, үкімет резервтік бағдарламасы есебінен 98%-ға орындалды. Соның ішінде министрлік шығындарының 94%-ы жалпы мемлекеттік шығын – жәрдемқаржы, трансферт, резерв және үкіметтің қарызын жабуға жұмсалған.

Таратылған баспасөз баянынан түсінгеніміз, мемлекеттің бюджеттік кірісі 101,1%-ға орындалып, 9,3 трлн теңге болған, бұл 2015 жылғы 1,7 трлн теңге болған көрсеткіштен жоғары.

Алдағы уақыттың жоспары туралы сөз қозғағанда министр салықтың жиналуының елдегі ЖІӨ-нің қазіргі 16,6% көрсеткішінен 2025 жылға қарай 25%-ға дейін артатынын атап кетті. Басқа басымдықтар ішінде мемлекеттік активтерді тиімді басқару және шығындарды оңтайландыру, жаңа технологияларды енгізу барысында мемлекеттік қарызды бақылау және цирфландыру бар.

Жаңғырту, ҚҚС-шоттары және  KPI

Министр сөзінен кейін отырысқа қатысушылар сөз алды. "Атамекен" КҰП басқармасы төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов мемлекеттік кіріс комитетін компьютермен қамтамасыз етуді жаңғыртуға тоқталып, министрден осы мақсатқа қаржы бөлуді сұрады.

"Қазір салық кодексіне түзетулер енгізіп жатырмыз. Біздің айтқандарымыз мақұлданды. Көптеген жаңа сандық институттар енгізілуде. Тексеру, мониторинг, электронды шот-фактура (ЭШФ) және т.б бар. Еске салар болсақ, мемлекеттік сатып алуларды ЭШФ-ға ауыстырған кезде компьютер жүйесінде қиындықтар туындап, қаржы министрлігінің IT-жүйесі бір апта бойына жұмыс істемеген болатын. Бұл үлкен проблема. Дүниежүзілік банк компьютермен қамтамасыз етпейді, тек компьюьтерлік бағдарламамен қамтамасыз етеді. Мемлекеттік кіріс департаментінің компьютерлері соңғы рет 2012 жылы жаңартылған. Сондықтан бұл жерден қауіп күтуге болады", – деді ол.

Екінші мәселе – Дүниежүзілік банк жобасы аясында бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңа салық кодексі негізінде өзекті ету.

"Қазір жаңа салық кодексін бекіту рәсімі жүріп жатыр, сондықтан техникалық тапсырма маңызды болмай қала ма деп ойлаймын. Бұл мәселе жайында ұлттық экономика министрлігімен, ақпарат және коммуникация министрлігімен сөйлескен болатынбыз. Барлығы қолдап отыр. Бірақ жаңалықты қолдана алмаймыз. Өйткені оған компьютер жүйесінің шамасы жетпейді. Осы тақырып бойынша жеке жиналыс өткізуге да болады. Қаншы қаражат керек болса да, қолдау көрсетуге дайынбыз. Сондай-ақ МКД-ға тек IT-бағытқа ғана жауап беретін орынбасардың керектігі туралы мәселе де туындауы мүмкін. Мұның барлығы біз үшін өте маңызды", – деп жалғастырды Рүстем Жүрсінов.

Үшінші бағыт – қаржы министрлігінің KPI жүйесін жетілдіру. "Атамекен" КҰП есептеуі бойынша, Қазақстанда жиналған миллион теңге салықтың өзіндік құны 20 долларды құрайды, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 2001 жылы тек 23 цент қана болған.

"Қоғамдық кеңес ретінде біздің мақсатымыз стандарттарды жоғары ету. Ал салық комитеті қадағалайтын KPI-ды көріп отырған жоқпыз. Біздегі жиналған миллион теңге салықтың өзіндік құны қанша? Бұл – оңтайландыру шығыны, ақпараттандыру көрсеткіші. Егер қоғамдық кеңес аясында KPI-ды қарайтын болсақ, онда ол жаңа деңгейге шығады. Бұл құрылымдық өзгерту болады", – деп есептейді КҰП топ-менеджері.

Күн тәртібінде қарастырылған маңызды мәселелердің бірі – 2020 жылға жоспарланып отырған жеке тұлғаларды жаппай мағлұмдау және Қазақстанда салық кеңесшілерінің қызметін жолға қою.

"Тағы 11 миллион салық төлеуші пайда болады. Бұл IT-жүйесіне түсетін жүктеме. Оларға декларацияны толтыруға кім көмектеседі? "Атамекен" КҰП мұны жасаумен айналыспайды, сондықтан өзін-өзі реттейтін ұйымдардың (ӨРҰ) салық кеңесшілерін іске қосу керек. Бұл өте маңызды. Бұл барлық елдерде бар. Әңгіме мемлекеттік фунциялардың жартысын табыстау жайында болып отыр. Конкурстық басқарушылармен де осылай жасау керек", – деп жалғастырды Рүстем Жүрсінов.

Отырысқа қатысып отырған ӨРҰ институтының мүшелері заң жобасына жеке тұлғалардың банкроттығы туралы қосу керектігін ұсынды.

Бақыт Сұлтанов "компьютермен қамтамасыз ету", сондай-ақ Дүниежүзілік банк жобасы аясында министрліктің IT-жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етуді маңызды ету бойынша тиісті жұмыс жүргізуге уәде етті.

"ЭШФ бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру керек. Оған қосымша жүйеге  "Электронды қойманы" қосып, кейін ҚҚС-шотын іске қосқанға дейін жүйенің бағдарламасын жаңғырту қажет. Біз жобаны IBM және PwC-пен бірге бастадық. Бірқатар кездесулер мен семинарларды жоспарладық. Мен сіздерді салық төлеуші, банк, инвесторлық қауымдастық ретінде көбірек жұмыс істеуге шақырамын.ҚҚС-шотын ұсынған кезде экспорттаушылардың бәрі қолдаған болатын. Егер мұның барлығын қауіпсіздік, ЭШФ-тың қолдан жасалу мәселесін шешетін блокчейн арқылы жасайтын болсақ, онда ҚҚС бойынша бір айға дейін автоматты түрде қайтарып алуға болады", – деп түсіндірді министр.

Аbctv.kz нақтылағандай, ҚҚС-шотының құрылымы әлі шикі, бірақ әңгіме ҚҚС жинақтау және салық төлеушіге қайтарғанға дейін сыйақыны төлеуді бастайтын банктердегі эскроу-шоттар жайында болып отыр.

KPI мен ЗРҰ-ның салық кеңесшілер жайын сөз етер болсақ, онда қаржы министрі ынтымақтастыққа дайын екенін айтты.   

Бюджеттің жасырын жақтары

Sange зерттеу орталығының директоры Жанар Жандосова болса Қазақстан мемлекеттік бюджеттің ашықтығы индексі бойынша шектеулі ақпарат ұсынатын елдер клубы құрамына кіретінін айтты.

"Неге екенін білмеймін инвесторлар біздің елді тізімнің соңында деп есептейді. Біздің елдің қандай орында тұрғандығын көрсететін ақпарат бар, бірақ ол ұсынылмайды. Алдағы жылдардағы мемлекеттің қарызы бойынша ақпарат неге ұсынылмағанын түсінбеймін", – деді ол.

Оның айтқан тағы бір ескертуі – экологиялық түсімдерді мақсатты түрде бөлу мен қазынаға түсетін айыппұл жайы болды.

"Бізде экологтардың жинайтын айыппұлы мен салығы экологиялық қажеттілікке жұмсалмайды. Бізде барлығы ортақ қазанға келіп түседі, ақыр аяғында осы мәселеден қиындық көріп отырған нақты халыққа бұл айыппұлдардың пайдасы болмай қалады", – деп түсіндірді Жанар Жандосова, ал КҰП болса мұны қолдады.

Сондай-ақ Sange басшысы Қазақстанда қаржы министрлігінің атынан бюджеттің орындалуы туралы толық есеп жарияланбайтынын айтып кетті.   

"Сіздер шағын ғана есепті бересіздер. Ол жерде барлығы дерлік көрсетілмейді. Талапқа мүлдем сәйкес емес. Мысалы, Ресейде 70 беттік есеп жарияланады. Ал бізде екі бет пен 12 слайд қана. Ақпарат егжей-тегжей түсіндірілмейді", – деп атап көрсетті Жанар Жандосова.

Жаппай мағлұмдауға тоқталған ол Стамбұл жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бойынша Қазақстан мемлекеттік қызметкерлердің декларациясын жариялауды қамтамасыз етуі керек.

"Яғни мемлекеттік сатып алулар, кеден саласымен айналысатын адамдардікін жариялау керек. Олар шамамен 300 мың адам. Оларды неге жариялауға болмайды", – деді ол министрге.  

Бұған жауап берген Бақыт Сұлтанов бұл мәселе ҚР мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құзырында екеніне тоқталып, мұндай мәселеде "теңдестірілген тәсіл керектігін" айтты.

Отырысқа қатысушылар еліміздің білім саласы толық қаржыландырылмай отырғанына тоқталды. Мұндай шығындар үлесі елдің ЖІӨ-нен 2%-дан да аспайды, ал көрші Қырғызстанда бұл көрсеткіш 5%-ға тең.

"Кезінде мектепке дейінгі білім беруге адам басын қаржыландыру принципі енгізілген болатын. Егер бір Ақтөбе қаласын алып қарайтын болсақ, бұған дейін қалада 18 жекеменшік балабақша болған. Бір жыл ішінде ол 88 болды. Бизнес тұрақты ақша ағынының бар екенін көрді. Сондықтан балабақша аша бастады. Егер денсаулық сақтау мен білім беру бірте-бірте адам басына қаржыландыруға көшетін болса, онда бір адамға есептелген KPI болады. Мемлекет балабақша құрылысына ақша шығармайды, ол тек операциялық шығынға көшеді. Менің ойымша, бұған шындап кіріскен жөн", – деп Рүстем Жүрсінов қолдау білдірді.  

Сонымен бірге министр де денсаулық сақтау саласында да бұл тәсіл жақсы көрсеткіш көрсетіп, "жеке медициналық орталықтардың белсенді пайда бола бастағанын" айтты.

"Модельді енгізудің өзі тарифтеуді қайта қаруды талап етеді. Егер еңбекті төлеу жүйесін қарайтын болсақ, ол көп ақша қажет ететінін көреміз. Жылына шамамен 560 млрд теңге. Бірақ бұл ауылдық және шағын комплекті мектептердің мәселесін шешпейді", – деп қорытындылады Бақыт Сұлтанов.

Гүлназ Ермағанбетова, Арман Жақып

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу